- Басты
- Елбасы Астанадағы жаңа нысандарды аралады
Елбасы Астанадағы жаңа нысандарды аралады

Елбасы «Өңірлердің Астанаға тартуы» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы қайта жөндеуден өткізген қалалық Достық үйін аралап көрді.
Қазақстан Президенті елорданың этномәдени орталықтарының өкілдерімен және Маңғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті.
«Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардың этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланың да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын!» – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр.
Мемлекет басшысы қаладағы жаңа нысандармен танысу барысында елорданың 20 жылдығына орай Алматы облысы қайта жөндеуден өткізген «Жетісу» саябағына барды.
Облыс әкімі А.Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа саябақта Алматы облысының көрнекті орындарының бәрі көрініс тапқанын айтты. Оның кіре берісінде Жетісуді бейнелейтін жеті арка, субұрқақтары бар басты аллея орналасқан, сондай-ақ тау сілемдерінің көрінісі және киіз үйге ұқсас орын-жайлары бар «Апорт» алаңы, түрлі жастағы балаларға арналған «Тенгри» алаңы, шаған аллеясы, «Тамғалы тас» петроглифтері бейнеленген тастар және Шарын шатқалының үлгісі бар.
Қазақстан Президенті мен көрермендер үшін сахнада Алматы облысының танымал әртістері және этномәдени орталықтарының өкілдері өнер көрсетті.
Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Астананың мерейтойына керемет саябақ тарту еткенін және оның елорда тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналатынын атап өтті.
«Бүгінде барлық облыстар көмек көрсетіп, қолдау білдіріп жатыр. Өйткені, Астана – бүкіл Қазақстанның жетістігі. Бас қала құрылысына өңірлердің бәрі атсалысты және қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген адамдар өмір сүреді. Біз ХХІ ғасырда ғаламат дүниені бірге жасадық. Адамзат тарихында мұндай қалалар ешқашан 20 жылдың ішінде салынбаған. Ал, біз салдық!» – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында облыс басшылығы мен құрылысшыларға ризашылық білдірді және шараға қатысушылардың бәрін алдағы елорда күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қаланың Алматы ауданында орналасқан «Жерұйық» саябағын аралап көрді. Онда Елбасыға 19 жыл бұрын өзі отырғызған алғашқы ағаш көрсетілді.
Мемлекет басшысы көпірдің техникалық-пайдаланушылық сипаттамаларымен танысты.
Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.
«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, оның пішіні Атырау облысының символы саналатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деді облыс әкімі.
Қазақстан Президенті жаңа көпір Атырау облысының лайықты тартуы екенін және оның елорда тұрғындары мен қонақтарына ұзақ жылдар бойы қызмет ететінін атап өтті.
«Астаналықтар бұл нысандарды дайындауға атсалысқан барлық өңірлерімізге алғыс айтуға тиіс. Бас қаланы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын велосипед көлігінің инфрақұрылым нысандарын таныстырды. Велосипед жолы Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жолдар мен Ильинка кентінен «жасыл белдеу» арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдері және велосипед қоятын орындары бар, wi-fi және телефонды зарядтау мүмкіндігі қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жабдықталған.
Шара соңында ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында Атырау облысы филармониясының өнер ұжымы ұйымдастырған «Ұлы дала жүрегі – Астанама» атты театрландырылған концерттік бағдарлама көрсетілді.
Көпірдің дизайны сәулет өнерінің әлемдік үрдісіне сәйкес келеді. Оның сырт келбеті заманауи үлгіге сай, ал жаяу жүргіншілерге арналған ішкі жағы жарық пен көлеңкенің қызықты көрінісін бейнелейді.
Нысанның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр. Көпірде жаяу жүргіншілерге арналған алты метрлік жолақ, велосипедшілерге арналған үш метрлік жолақ, сондай-ақ ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты қоршауға арналған екі жолақ бар. Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескеріле отырып салынған. Оны жобалағанда желдің әсері де есепке алынған. Салмағы – 1920 тонна.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
Жаңа экологиялық кодекстің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті

