- Басты
- Жаңалықтар
- Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы – Н.Назарбаев
Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы – Н.Назарбаев
Мемлекет басшысы елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бұл музыкалық аспап қазақ халқының мәдениеті мен тарихында айрықша орын алатынын айтты.
«Жақында менің жарлығыммен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні деп жарияланғанын білесіздер. Бүгін бұл мерекені еліміздің барлық өңірі атап өтуде. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы», – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы бүгінде домбыра қазақтың бренді болып саналатынын атап өтті.
««Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға домбыра ерекше үлес қосады. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Тәттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері – төл мәдениетіміздің бірегей үлгілері», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы домбыра мен күйдің ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтты.
«Біздің мәдени құндылықтарымыз бен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Ұлттық домбыра күнінің Астанада – тәуелсіз Қазақстанның жүрегінде дүниеге келуінің символдық мәні бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күні өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түсетініне сенім білдірді.
«Қазақ елі» алаңында өткен іс-шара барысында дирижер Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен 2 мыңнан астам өнерпаз бір оркестр ретінде домбырамен қазақтың белгілі күйлерін орындады.
Концерттен кейін Қазақстан Президенті қолданбалы өнер туындыларының көрмесін аралап көрді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды