- Басты
- Н.Назарбаев Астананың «жасыл белдеуінің» нысандарын аралап көрді
Н.Назарбаев Астананың «жасыл белдеуінің» нысандарын аралап көрді

Мемлекет басшысы Елорда күні қарсаңында дәстүрлі түрде Астананың «жасыл белдеуін» тікұшақпен аралап, оның даму барысымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл ел» жастар жасағының өкілдерімен бірге елорданың жасыл аймағына ағаш отырғызып, табиғатқа 150 қырғауыл ұшыру шарасына қатысты.
Қазақстан Президенті жастармен әңгімелесу барысында «жасыл белдеу» елорданы шаңды дауыл мен қарлы бораннан қорғау үшін табиғи тосқауыл ретінде жасалғанын еске салды.
« Орман – нағыз табиғи байлық әрі қолайлы тіршілік ортасын сақтаудың маңызды тетігі. Орман-тоғай қаладағы ауаны тазартып, ауа-райын жұмсартуға септігін тигізеді», – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Астананың «жасыл белдеуінің» қазіргі жағдайы мен оны әрі қарай дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Жиынға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев және Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин қатысты.
Қазақстан Президенті 20 жыл ішінде Астана төңірегінде табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйе қалыптасқанын атап өтті.
«Қала ішіндегі «жасыл белдеудің» аумағы шамамен 15 мың гектарды қамтиды. Елорданың үлгісімен бүкіл Қазақстанда ағаш отырғызу қарқынын арттырған жөн», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеудің» және «Шортанды-Бурабай» шипажай аймағының орман-тоғайларын қосу жөніндегі ауқымды жұмыс алдағы жылдары жалғасатынын айтты. Атап айтқанда, Астана-Қарағанды және Астана-Шортанды тас жолдарының бойындағы бір мың гектардан астам жерге ағаш отырғызылатын болады.
Жиын барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа 1997 жылдан бері ағаш отырғызылған аумақтың жалпы көлемі 83 мың гектардан асқаны, соның ішінде биыл орман алқабы 5,5 мың гектар жерге көбейгені жөнінде баяндады.
Өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры А.Сағитов орманды зиянкестерден қорғау және отырғызылған ағаштар тамырланып кету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, сондай-ақ Астана және Ақмола облысы әкімдіктеріне елорда тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын ұйымдастыру үшін жасыл аймақты одан әрі дамыту және орман алқабын пайдалану жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып, мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:51
-
Біздің мақсатымыз экологияның проблемалық мәселелерін шешу-Ә.Назарбаева
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:31
-
Дариға Назарбаева «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты
Сенат Төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева Урюпинск балалар үйінің 90 баласы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі аясындағы Open space шарасына қатысты.
05 Желтоқсан 2019, 09:52
-
Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.
29 Қараша 2019, 12:08
-
Н. Назарбаев Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесті
Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары мен еліміздің талантты жастарымен кездесті.
27 Қараша 2019, 18:21
-
Д.Назарбаева Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
26 Қараша 2019, 19:22
-
Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Армения Республикасына ресми сапармен келді.
14 Қараша 2019, 11:55
-
Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана клубының» бесінші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Отырыс «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбына арналып отыр. Клуб сарапшылары пікірталасына АҚШ, Қытай мен Ресей үштігі арасында ушыққан текетірестің ағымдағы ахуалы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көтеруі сынды мәселелер арқау болды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 11:05
-
Д.Назарбаева: Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылын одан әрі тереңдетудің келешегі зор
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті.
05 Қараша 2019, 15:57
-
Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
01 Қараша 2019, 18:38
-
Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Сенат Төрағасы Д.Назарбаева облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.
01 Қараша 2019, 10:33
-
Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Ресейге жасаған ресми сапарының аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.
23 Қазан 2019, 13:01
-
Ө.Шөкеев Түркістанның құрылыс нысандарын аралады
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
22 Қазан 2019, 17:49
-
Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды.
22 Қазан 2019, 14:19
-
Түркістан маңында «Жасыл белдеу» қалыптастып жатыр
Түркістан қаласын жел эрозиясынан сақтау, көгалдандыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптасып келеді.
21 Қазан 2019, 09:40
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды