- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Генадий Головкинмен кездесті
Елбасы Генадий Головкинмен кездесті
Елбасы кездесу барысында бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинге ілтипат білдіріп, қазақстандықтар оның кәсіби спорттағы жарқын жетістіктерін мақтан тұтатынын айтты.

«Отандастарымыз сенің жекпе-жектеріңді жіті бақылап отырады. Сен Қазақстанды лайықты түрде танытып, өз отаныңды ешқашан ұмытпай, жүрген жерде айтып жүресің. Біз сені мақтан тұтамыз. Қыркүйек айында сені өте маңызды жекпе-жек күтіп тұр. Барша қазақстандықтардың атынан саған жеңіс тілеймін», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің Қазақстан спортын танытудағы және еліміздің халықаралық имиджін арттырудағы зор рөлін атап өтті.
«Сен өз салмағыңда ешкімге дес бермедің, саған жеңіліс таппаған ең үздік нокаутер боксшы деген атақ берілді. Бұл – зор жетістік әрі біздің спортымыз бен бүкіл Қазақстанды насихаттаудың жарқын мысалы. Біз сенің ерік-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, біз оған жағдай жасап, қол ұшын береміз», – деді Мемлекет басшысы.
Г.Головкин жеке қолдау көрсеткені үшін және Қазақстанның спортын, соның ішінде бокс мектебін дамытуға зор көңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
«Мен өз тарапымнан елімізді халықаралық аренада одан әрі таныту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарымызда бар. Халқымыз осындай қызықты бокс бәсекесін тамашалауға әбден лайық деп есептеймін. Маңызы зор осындай жекпе-жекті барша жұрт көргісі келеді деген ойдамын», – деді Г.Головкин.
Сонымен қатар Г.Головкин Қазақстан Президентіне WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасында бокстан алған чемпиондық белдіктерін сыйға тартты.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Головкинді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты