- Басты
- Жаңалықтар
- 15-ші ҰБТ-ның нәтижесі қандай
15-ші ҰБТ-ның нәтижесі қандай
Биыл ҰБТ 167 бекетте өткен. Оның ішінде 3 бекет коллеждің базасында, 116 бекет мектептің базасында және 48 жоғары оқу орнының базасында орналасқан.
«Жалпы,өтініштердің саны 102 447-ні құрады, оның ішінде 77 224-сі, яғни 75 пайызы қазақ тілінде, 25 177 орыс тілінде, 46 өтініш ағылшын тілінде түскен», - деді Р.Әлімқұлов.
Ол айтып өткендей, биыл ағылшын тілінде ҰБТ тапсыру мүмкіндігі алғаш рет ұсынылып отыр.
«46 өтініштің ішінен ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырғандар саны 27-28 адамды құрады, Астанада 5, Атырауда 7, Шымкентте 6 және т.б өңірлерде тапсырды , орташа балл 84,5. Қазақстан бойынша ҰБТ-дағы орташа балл 83,1-ді құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 80 ұпайды құраған еді», - деді ол.
Ол айтып өткендей, 102 447 адамның ішінде 98 698 адам ҰБТ-ға қатысқан.
«Бұл көрсеткіш 96 пайызды құрады. Былтыр қатысушылардың саны 95 пайызды құраған болатын. Биыл 1 пайызға өсім бар. Шектеу балды алған түлектер саны 84605 адам, ол 85 пайызды құрады. Ал, шектеу ұпайды жинай алмағандар саны 14 633 түлекті құрады. Яғни, 14 пайыз. Былтырғы статистикамен салыстырғанда ол 1 пайызға өсіп отыр», - деді ол.
Сонымен қатар, ҰБТ-дағы ең жоғарғы балды (140) 25 маусымда Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде тест тапсырған алматылық Шиара Құдайбергенова алды.
Оның айтуынша, ҰБТ штаттық режимде өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша қала, облыс бойынша рейтинг жасалмайды.
«Министрліктің ұстанымы бар. Үкімет отырысында өңірлерде ҰБТ нәтижелері бойынша рейтинг жасап, мектептердің білім беру сапасын анықтауға болмайтыны айтылған болатын», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады