- Басты
- Жаңалықтар
- Парламенттің үшінші сессиясы қорытындыланды
Парламенттің үшінші сессиясы қорытындыланды
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл мерзім қорытынды жасап қана қоймай, ең біріншіден, алдағы мақсаттарды жоспарлайтын өте маңызды сәт екенін алға тартты.

«Депутаттық корпустың бүкіл жұмысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үшінші сессияның ашылуында көрсеткен стратегиялық тапсырмаларын, сонымен бірге Президентіміздің биылғы Жолдауында, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген барлық міндеттерді жүзеге асыруға арналды.Баршаңыз жақсы білесіздер, алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өтті деуге болады.Қазақстанымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болды», - деді Н.Нығматулин.
Сондай-ақ, Төраға «Экспо» халықаралық көрмесі ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Сонымен бірге елордамызда Сирия жағдайы бойынша "Астана процесі" өтіп, Қазақстанымыз әлемдік деңгейдегі келіссөздер алаңына айналды.Осы барлық шаралар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық биік беделінің, ішкі және сыртқы саясаттағы ерен еңбегінің нақты көрсеткіші.Сонымен бірге үшінші сессия кезінде елімізде тағы бір тарихи оқиға болды. Президентіміз осы Парламентте өзінің Бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Бұл халқымыздың жағдайын күшейтуге арналған теңдесі жоқ ерекше қадам. Депутаттарымыз осы бастамаларды заң жағынан қолдауға, әрине, белсене араласты», - деді ол.
Н.Нығматулиннің айтуынша, ел экономикасын дамыту үшін стандарттау туралы және венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша заңдар қабылданды.
«Парламент жұмысында тағы бір негізгі бағыт - мемлекет құрылысын және азаматтық қоғамды дамытуды заң жағынан қамтамасыз ету. Осы жолда "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңға өзгерістер енгізілді. Бұл көпұлтты Қазақстанымыздың бірлігі мен берекесін сақтауды одан әрі күшейтуге арналып отыр.Ал ақпарат және коммуникациялар бойынша енгізілген түзетулер, ең бастысы, еліміздің және әрбір азаматтың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады», - деді Н.Нығматулин.
Сессия барысында екі Палата депутаттары конституциялық реформа бойынша "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Заң жобасын қарады.Үшінші сессияда "Сайлау туралы" Конституциялық заңға да өзгерістер енгізілді. Бұл мәслихат депутаттарын сайлаудың пропорционалдық жүйесін қалыптастыруға, осы саланы цифрландыруға жол ашады. Бұл заң сайлаудың одан әрі ашық және демократиялы болуын қамтамасыз ететін болады.
Мәжіліс төрағасы айтып өткендей, мемлекеттің әлеуметтік-гуманитарлық саласы да әрқашанда Парламенттің заң шығару қызметінің басты назарында.
Осыған байланысты кейбір заңдарға тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер қабылданды. Олар Қарулы Күштердің, әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталды.
«Үшінші сессия барысында жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны мәселелеріне арналған заң жобасы бойынша да көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл заңда электрондық еңбек биржасы көзделген. Онда республика бойынша барлық жерлердегі бос жұмыс орындары және жұмыс іздеушілер туралы ақпараттар көрсетілетін болады.Соның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері, интернет-ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары да бар.Осы кезеңде Президентіміздің тағы бір тапсырмасына сәйкес әлеуметтік мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді», - деді Н.Нығматулин.
Ол айтып өткендей, үшінші сессия барысында заң жұмысының басым бөлігі - ол, әрине, "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасын іске асыруға арналды. Аталған бағдарлама бойынша Парламент бірнеше заң жобаларын қабылдады.
Соның ішінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекс. Ол кодексте осы саладағы қатынастарды реттейтін барлық нормалар алғашқы рет бір ғана заңнамалық құжатқа жинақталды. Оның нәтижесінде экономиканың тиімді болуын арттыруға көңіл бөлініп, жерді пайдаланушылар үшін де, инвесторлар үшін де жақсы жағдайлар жасалынды.
««100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында тағы бір өте қажетті заң жобасы қабылданды. Ол жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер. Бұл өзгерістер кадрларды даярлау сапасын көтеру және жоғары оқу орындарының әлеуметтік жауапкершілігін арттырады.Парламент қызметіндегі тағы бір маңызды бағыт заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелеріне байланысты», - деді Н.Нығматулин.
Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы Елбасы әрқашан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі ретінде әділ сот және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелеріне назар аударып отыратынын еске салды.
«Осыған орай Президентіміз енгізген құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту жөніндегі заң жобасы бойынша көп жұмыстар атқарылды.Бұл жолда Парламент қабылдаған заң қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңа деңгейге көтеруге, халықаралық стандарттарға сай болуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Н.Нығматулин заң шығару кезінде Парламенттің екі палатасы Үкіметпен барлық салада, барлық бағыт бойынша тығыз жұмыс жасағанын айтты.
Соның арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. Бірақ бүгін орын алған кемшіліктер де әлі аз емес.
«Бұл, біріншіден, Үкіметтен түсетін заң жобаларының сапасының төмен болуына байланысты. Оған нақты дәлел ретінде заң жобасын Парламентте қарау кезінде тиісті мемлекеттік органдардың көптеген өзгерістер енгізетінін айту керек.Мысалы, сақтандыру және сақтандыру қызметіне қатысты заң жобасын депутаттар қарап бастаған кезде мемлекеттік органдардың өздерінен қосымша 224 түзету енгізілді. Ал кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы Мәжіліске кіргеннен кейін мемлекеттік органдар тағы да 254 өзгеріс кіргізді», - деді ол.
Жалпы айтқанда, үшінші сессияда Парламент депутаттары Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз дамуындағы әрбір бастамаларын заң жағынан қолдау үшін бірлесіп жан-жақты еңбек етті, деп атап өтті ол.
«Осыған орай қабылданған барлық заңдар, әрбір іс-шаралар еліміздің тұрақты дамуына, қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға, ел бірлігін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.Бұл Сенат пен Мәжілістің және Үкіметпен, барлық мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған елеулі еңбектерінің жемісі деп білеміз», - деді Н.Нығматулин.
Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы алда әлі де талқыланатын мәселелер, қабылданатын заңдар, бірлесіп атқаратын шаралар да өте көп екенін жеткізді.
«Осыған орай келесі төртінші сессияда Парламент Елбасының Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға арналған жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.Депутаттық корпус Үкіметпен тығыз байланыс жасай отырып, отандық экономиканы күшейтуге, кәсіпкерлікті қолдауға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға, елімізді одан әрі нығайтуға және демократияны дамытуға бағытталған заңдар қабылдайтын болады», - деді Н.Нығматулин.
Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы елорданың 20 жылдығын мерекелеуге қатысты өз пікірін білдірді.
«Енді бірнеше күннен кейін мемлекетіміздің жүрегі - елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы аталып өтеді.Қазақ халқымызда "Кемеге мінген теңізге шығады" деген қанатты сөз бар. Осы айтылғандай, 20 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың депутаттар алдында жариялаған тарихи идеясы бүгінде барша қазақстандықтардың мақтанышы болып табылады.Бүгін Астана - Елбасының ерен ерлігі.Бүгін Астана - Елбасының тарихи жеңісі.Бүгін Астана - Елбасының орындалған арманы», - деді Н.Нығматулин.
Аягөз Құрмаш
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Елордада «Жамбылмен бірге жырлайық» шығармашылық байқауы қорытындыланды -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы