- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілістің соңғы жалпы отырысында талқыланған мәселелер
Мәжілістің соңғы жалпы отырысында талқыланған мәселелер
Алдымен «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бірінші мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы мақұлданды.
«Келісім Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарының еңбек жағдайлары бойынша жазатайым оқиғалардан зардап шеккен азаматтардың еңбек құқықтарын өзара қорғауға бағытталған.Құжатты ратификациялау азаматтармен, оның ішінде өз-өзі жұмыспен қамтыған және осы елдердің кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтармен жұмыс кезінде жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін бекітуді көздейді», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, келісімнің нормаларына сай еңбек жағдайлары бойынша жазатайым жағдайларды тергеу тәртібі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленді.
«Осылайша, келісімде қатысушы елдер үшін өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің бірыңғай № Н-1Е формасы бекітілді. Тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерге жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті және актінің бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттің еңбек инспекциясына жолданады», - деді министр.
Сондай-ақ, топтық, ауыр немесе адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тексеру аяқталғаннан кейін акті тексеру материалдарымен бірге зардап шегуші азаматтың тұратын мемлекетінің уәкілетті органына жолданады.
«Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты құжаттарды немесе қатысушы елдердің бірінің аумағында расталған құжат көшірмелерін басқа елдермен Келісімге қатысушылар заңдастырусыз қабылдайды», - деді ол.
Осылайша, зардап шеккен азаматтардың денсаулығына келген зиянды және жұмысындағы жазатайым оқиғаларға байланысты өтемақы төлемдерін өтеу жеңілдетілген түрде жүзеге асады.
Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы беретін мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек заңнамасына және қабылданған халықаралық шарттарға қайшы келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.
Сондай-ақ, отырыста «1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мақұлданды.
Барлық заң жобалары қаралып болған соң Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессия жұмысын қорытындылады.
«Бұл сессия Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәжілістің алдына қойған маңызды міндеттері мен тапсырмаларын орындауға арналды. Ең бастысы Президентіміз Парламентте өзінің Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Сондықтан, осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету біздің депутаттарымыздың осы сессиядағы негізгі міндеттерінің бірі болды. Бұл жолда көптеген заңдар қабылданып, көптеген парламенттік шаралар өтті»,-деді Н.Нығматулин.
Атап айтар болсақ, осы сессияда Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселелер қаралды. Осы кезеңде Палата қарауында 128 заң жобасы болып, оның 91-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.
Сонымен бірге, 18 «Үкімет сағаты» мен 2 парламенттік тыңдау, 21 көшпелі отырыс және 3 халықаралық конференция ұйымдастырылды.
«Осының барлығы депутаттық корпустың Үкіметпен, тиісті мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі», - деді Н.Нығматулин.
Еске сала кетейік, енді екі күннен кейін, яғни, маусымның 29-да өтетін екі Палатаның бірлескен отырысында алтыншы шақырылған Парламенттің үшінші сессия қорытындыланып, алдағы жоспарлар белгіленетін болады.
Аягөз Құрмаш
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді