Білім беру

Қазақстанда 14 мың шетелдік студент білім алып жатыр

Қазақстанда 14 мың шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 50 мыңға жеткізу көзделген. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Маусым , 11:35

Білім және ғылым вице-министрі   Талғат Ешенқұлов  «Болашақ» бағдарламасының  қабылданғанына  биыл  25 жыл толғанын айтты.

« Есептік кезеңде  ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл сіздерге БАҚ арқылы мәлім. Осыған дейін  «Болашақ» стипендиясын  12 898 адам иеленді, оның ішінде  10 096-сы оқуды тәмамдап, тиісті дәрежедегі дипломдарын алды.Бағдарлама бойынша шетелдік ЖОО-ларында   1255 стипендиат білім алуда. Кезекті стипендияға иелену конкурстары басталды.  Осы мақсаттарда  555 орынға  381 адам құжат тапсырып, оның  67-сі стипендиант атанды», - деді Т.Ешенқұлов.

Вице-министр айтып өткендей,   өткен жылдар ішінде көп жұмыстар атқарылды.

«Үкіметаралық келісімдерді іс-жүзінде асыру, елдегі білім деңгейін шет мемлекеттерге таныстыру және шетелдік студенттерді елге тарту жұмыстары атқарылды.  2016 жылдан бастап осы өзгерістер жүргізілді. Алдағы уақытта осы жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді ол.

Сондай-ақ,  стипендия тағайындаудың бірқатар талаптары да өзгерген.

« Формат бойынша тілді оқыту дәрежесі артты,  IELTS бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейі  3-тен  5,5 ұпайға көтерілді, мәдениет және БАҚ саласында жеңілдіктер пайда болды.  Сондай-ақ, орташа ұпайға  ерекше көңіл бөлінеді, JPA 3,00-дан  3,3 ұпайға артты. Конкурс  6 турдан тұрады. Өңірлік  дизбалансты қысқарту мен кадрлық ротацияны сақтау үшін стипендиаттар өңірге баратын болса уақыт 3 жылға дейін, ал өңірдегі білім  орталығына баратын болса 2 жылға дейін қысқартылады. Бұл өзгерістер болашақта әлі де өзгеруі мүмкін, себебі әлемдік талаптар күн санап өзгереді. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өңірлік деңгейде онлайн тестілеу іске қосу жоспарланған. Талапкерлерді сапалы іріктеу үшін   магистратура үміткерлеріне   IELTS көрсеткіші 6.0 баллға көтеру қарастырылған.  2025 жылдан бастап ағылшын тіліне қатысты стипендиядағы барлық жеңілдіктер алынып тасталады», - деді Т.Ешенқұлов.

Өз кезегінде  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті  Жанболат Мелдешов   соңғы  20 жылда Қазақстанда бала туу саны жоғарлағанын атап өтті.

«2000 жылы  222 мың бала туса,  2015 жылы ол көрсеткіш екі есеге артып,  398 мың бала туылды. Осыдан барып  жастарды сапалы  жоғары біліммен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қазақстанда  қазір  колледж бен университетерде 1,1 млн студент бар.  Ал оның  100 мыңы  шетелдік  оқу орнында жұмыс істеп жатыр.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық бағдарламаларында  адами капиталды дамытуға ден қойып отыр.  Осы орайда орталық алдында мақсаттар тұр.  Бұрын  біз «Болашақ»  бағдарламасы бойынша ғана жұмыс істесек,  қазір  үкіметаралық келісімдерді жүргізу,  Орталық-Азиялық білім беру хабын құру бойынша жұмыс істейміз. Үкіметаралық келісімдерді жүзеге асыру мақсатында гранттар саны  2,6 есеге артып,  890 грантты құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артатын болады. Орталықтың тағы бір мақсаты мектеп пен колледж студенттерінің  шетелде сапалы білім алуға жәрдемдесуі болып отыр. Орталық  әлемдік  ЖОО-лардың грант бөлуіне ауқымды жұмыс атқарды. Шетелдік ЖОО-лар бөлген гранттар саны  20 мыңды құрады, бұл көрсеткішті жыл соңына қарай   40 мыңға жеткізу жоспарланған», - деді Ғ.Мелдешов.

Сондай-ақ,  ол  қазақстандық білім беруді интернационалдау бойынша орталық алдында  бірқатар міндеттер тұрғанын жеткізді.

«Министрлік алдында шетелдік студенттерді тарту  жұмыстары жүргізілуде.  Мекемеміз   Орталық Азия мен Үндістан университеттерімен бірігіп білім  беру көрмелерін өткізді. Қазір шетелдік студенттер саны  14 мыңды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш  13 мың болатын. Қыркүйекте бұл көрсеткіш біздің жоспар бойынша  20 мыңды құрауы керек. Орталық алдында  2025 жылға дейін Қазақстанда білім алатын шетелдік студенттер санын  50 мыңға жеткізу көзделіп отыр», - деді ол.

Осылайша, Қазақстан Малайзия сынды білім беру хабына айналуды көздеуде. Қазақстанға шетелден әлемдік деңгейдегі диплом алу үшін с білім алуға келеді. Шетелдік студенттердің де қызығушылығы бар дейді, орталық президенті.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика