- Басты
- Жаңалықтар
- Шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді
Шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді
«Еліміздің алдында бірінші кезекте тұрған міндеттердің бірі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мен әлемдік стандарттарға қол жеткізу, зейнетақы жүйесін дамыту арқылы олардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады. Конституциядағы кепілдіктерді жүзеге асыруды ескерсек, әлеуметтік қамсыздандыру саласында зейнетақы жүйесі ерекше орын алады», - деді ол.
Вице-министр айтып өткендей, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне қарамастан, мемлекет халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және қолдау үшін алға қойған міндеттерді жүйелі түрде орындап отыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында зейнеткерлік жаста лайықты өмір сүру үшін зейнетақы төлемдерінің барлығын қамтамасыз етуге бағытталған ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды», - деді ол.
Сондай-ақ, тұжырымдамада зейнетақы төлемдерінің мөлшері инфляция деңгейінен 2 пайызға өсіп, оның көлемін жыл сайын артыру көзделген.
« 2018 жылы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейінің 6 пайызға болғанын есепке ала отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8 пайызға артты. Базалық зейнетақы мөлшері 6 пайызға жоғарылап, оның мөлшері 15274 теңге болды. Зейнеткерлер арасында кедейліктің алдын алу және азаматтардың жұмысқа қабілетті шағында экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында тұжырымдаманы одан әрі іске асыру жалғасады», - деді С.Жақыпова.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысы орташа алғанда 1,8 есеге ұлғаяды деп атап өтті.
«Биыл шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Барлық қарттар еңбек өтілі болғанына немесе болмағанына қатысты демогрант қамтамасыз етіледі. Барлық зейнеттегі жастағы адамдарға мемлекеттік бюджеттен төленіп отырған базалық зейнетақы мөлшері еңбек және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады», - деді ол.
Сондай-ақ, барлық зейнеткерлер бүгін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын немесе 15274 теңге алып отырса, 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артатын болады.
«Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылдың 1 қаңтарға дейінгі жинақталған ынтымақтасты зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынған еңбек өтілі; 1998 жылдан кейінгі еңбек өтіліндегі зейнетақы жарналары негізінде енгізілетін болады», - деді ол.
Зейнетақы туралы мәліметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт –кеңсесіне баруға болады. Egov.kz сайты арқылы білуге болады.
«Мәліметтер автоматтандырылған жүйеден алынды. Сондықтан да, кей мәліметтер енбей, жоғалды деу мүмкін емес. Базалық зейнетақыда жинақтаушы жүйеге қатысқан еңбек өтілі де саналады», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр еңбек өтілі ғана емес, егер зейнетақыға әйел шығатын болса, қосымша бала туу уақыты, оны үш жасқа дейін тәрбиелеу мерзімі де кіреді.
«16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға да еңбек өтілі қосылады. 1,2 топтағы мүгедектерге күтім жасаған адамдардың еңбек өтілі есептеледі», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу