- Басты
- Жаңалықтар
- Мәдениет саласындағы үздік БАҚ өкілдері марапатталды
Мәдениет саласындағы үздік БАҚ өкілдері марапатталды
Ереже бойынша ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын таңдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.
Конкусртың қорытындысы бойынша «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлдегерлер мен бас жүлде иесі марапатталды. Бас жүлде қоры 1 млн, ал 1-ші орын иегерлері 500 мыңға ие болды.

Конкурсқа ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі журналистер мен филолог ғалымдардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Мәдениет министрі журналистерге ел мүддесі үшін еткен еңбектеріне алғыс білдіріп, мерекелерімен құттықтады.
«Баршаңызда алдағы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. БАҚ өкілдері күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар бойынша ақпарат беретін сенімді көз. Өз елінің өміріне белсенді араласатын журналистердің көзқарасы әрқашан шынайы, объективті болады», - деді А.Мұхамедиұлы.
Мәдениет және спорт министрі атынан Құрмет грамотасымен 7 журналист марапатталды.

Ал, мәдениет және спорт саласын белсенді насихаттағаны үшін алғыс хатқа 32 адам ие болды.


Мәдениет министрінен алғыс хат алған журналист Ая Өміртай өзінің аталмыш салаға келуі мен еңбек жолы туралы айтып берді.

«Мен бұл салаға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдап келгеніме 3-4 жыл болды. Осы аралықта Мәдениет және спорт министрлігімен спорт, мәдениет тақрыбында көптеген проблемаларды шешу үшін бірігіп жұмыс істедік. Әріптестеріме журналистиканың бүгінгі міндеттерін кәсіби шеберлікпен әрі қарай алып жүрулерін тілеймін. Минисртрліктің журналистерді елеп, ескеріп ынтымақтасып жұмыс істеп жатқаны қуантады. Екі тарапқа да алғысым шексіз. Көптеген тақырыптарды жаздық, ЭКСПО кезінде біраз шаралардың ұйымдастырылуына министрлік мұрындық болды. Еуразиялық театр, би фестивалі басталып жатыр. Оның барлығы біздің еліміздің имиджіне, мәдениет саласын көтеруге жұмыс істейді. Осы орайда Мәдениет министрлігінің алыс-жақын шетелдің мәдени ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеуі жоғары деңгейде деп ойлаймын.Мереке құтты болсын», - деді Ая Өміртай.
Айта кетейік, іс-шараны мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Аягөз Құрмаш
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері