• Басты
  • Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
22 Маусым, 2018 12:53

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады | Strategy2050.kz

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Босния және Герцеговинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Мустафа Муезиновичтен, Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Эфрен Арнольдо Берналь Чевезден, Нигерия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Ибрахим Хамзаттан сенім грамоталарын қабылдады.

Гүлшара Әбдіқалықова Босния және Герцеговинаның елшісімен кездесуде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы комитетінің биылғы 4-6 маусымда Парижде өткен сайлауында біздің елге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Қазақстан аталған Комитетке алғаш рет сайланып отыр және бүкіл жер шарындағы мәдени мұраларды сақтау ісінің теориясы мен тәжірибесін жетілдіруге өз үлесін қосуға ниетті.  

«Тікелей іскерлік байланысты дамыту маңызды. Екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары арасында ынтымақтастық орнатып, іскер топтар өкілдерінің кездесулерін өткізуді ұсынамыз», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Эль-Сальвадор елшісімен әңгімелесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Сіздің елді бүгінгі күні ЭКСПО көрмесінің платформасында БҰҰ және ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінің қолдауымен «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталығында,  Астана халықаралық қаржы орталығында жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша ынтымақтастыққа шақырамыз», – деді Г.Әбдіқалықова.  

Нигерия елшісімен кездесу кезінде Мемлекеттік хатшы Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі екеніне, басқалармен бірге Сомали мен Эритрея бойынша да бірқатар санкциялық комитеттерді басқарғанына назар аударды.

«Біз Нигерияны Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының, Африка Одағының, басқа да көп жақты құрылымдардың өңірлік және халықаралық ауқымда сындарлы орны бар маңызды мүшесі ретінде білеміз», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының түрлі салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Рәсім соңында Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолында табысқа жетулеріне тілектестік білдірді.   

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды