• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президент негізгі бағытты анық көрсетті: әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу – СҚО мәслихатының депутаты А.Рафальский

Президент негізгі бағытты анық көрсетті: әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу – СҚО мәслихатының депутаты А.Рафальский

17 Қаңтар, 2014 19:55
Бүгінде «біз қайда бара жатырмыз?» деген сұрақ туындайды. Осы сұраққа Президент өзінің «Қазақстан жолы-2050»: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауында бағытымызды анық көрсетті: әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу, дейді «Тайынша орталық аудандық ауруханасы» бас дәрігері, облыс мәслихатының депутаты Анатолий Рафальский.

«Аз ғана уақы бұрын маған, ауыл дәрігеріне 2050 Стратегиясын құрғақ уәде ғана емес пе екен деген ойға келсем, қазіргі кезде мен біздің ортақ жетістіктерімізді көріп мақтаныш сезіміне бөленемін», - дейді А. Рафальский.

 

«Аз ғана уақы бұрын маған, ауыл дәрігеріне 2050 Стратегиясын құрғақ уәде ғана емес пе екен деген ойға келсем, қазіргі кезде мен біздің ортақ жетістіктерімізді көріп мақтаныш сезіміне бөленемін», - дейді А. Рафальский.

Оның айтуынша, қазірде Тайынша ауданында 77 денсаулық сақтау нысаны бар. Соның ішінде 13 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 60 медицина пункті бар. Сонымен қатар, ауданда 60 дәрігер мен 332 орта медицина қызметкері қызмет етеді.

Айта кету керек, 2013 жылы туу көрсеткішінің жалпы коэффициенті 15,07-ге артып, кісі өлімі 12,9%, нәресте өлімі 10,6 пайызға азайды. Ал ана өлімі мүлде орын алмады. Туберкулез ауруына шалдыққандар саны 15,6%, онкологиялық ауруларға шалдыққандар 12,6% кеміді.

Депутат айтқандай, Тайыншы ауданының қоғамдық өкілдеріне Жолдау бойынша бірқатар тапсырмадар берілді.

«Біз медициналық қызметті жақсарту үшін барлық жұмыстарды істейтін боламыз. Сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны жақсартып, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жоспарда бар», - деді Рафальский. 

 

 

Барлық жаңалықтар