- Басты
- Жаңалықтар
- «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды
2017 жылғы желтоқсанда Қазақстан Үкіметі цифрландыру бағдарламасын бекітті. Ол 2018-2022 жылдарға арналып есептелген және республикамыздағы экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуге және цифрлық технологияларды қолдану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Қызығушылық білдірген барлық тұлғаларға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізілген жобалар туралы барынша қолжетімді және жан-жақты, толық түрде айту үшін digitalkz.kz ресми сайты іске қосылды.
Сайтқа кірушілер Бағдарлама туралы, оның бағыттары және жүзеге асырудың жол карталары бойынша толық ақпаратты таба алады, сондай-ақ еліміздегі цифрландыру бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар туралы біле алады.digitalkz.kz сайтында Бағдарламаның әрбір бағыттарына арнайы тараулар бар.
Сонымен бірге, digitalkz.kz сайтының редакциясы әлемде өтіп жатқан цифрландыру процестері туралы,басқа елдердің жаңа технологияларды енгізудегі тәжірибелері жөніндегі жетекші шетелдік БАҚ-тың танымдық мақалаларының аудармасын жариялайды
«Байланыстар» тарауында «Зерде» Холдингіндегі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жобаларының үйлестірушілері туралы ақпарат бар.
Біз жаңа сайттың жұмысы бойынша, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша барлық сұрақтар мен ұсыныстарды press@zerde.gov.kz. e-mail-да күтеміз.
Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына тіркелу арқылы біздегі жаңалықтармен таныса аласыздар:
https://www.facebook.com/digitalkz.kz/ (Фейсбук)
https://www.youtube.com/channel/UCehcOeWn8qKP8xnFN8s6mXQ (www.youtube.com-дағы арна)
https://t.me/digitalkzkz (Телеграмдағы арна)
Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында Үкімет цифрландыру бағдарламасын бекіткен болатын.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады