- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысының әкімін таныстырды
ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысының әкімін таныстырды
Отырыс барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысының әкімі лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған Мемлекет басшысының облыстық мәслихат депутаттарына жолдаған хатын оқып берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Бұдан кейін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Түркістан облысының активімен кездесіп, жаңа әкімді таныстырды.
Бақытжан Сағынтаев кеше Мемлекет басшысының тарихи шешімімен елімізде жаңа Түркістан облысы құрылғанын еске салды.
«Түркістан көптеген ғасырлар бойы тек Орталық Азияның емес, сондай-ақ бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани өмірінің орталығы болды. Мемлекет басшысының киелі Түркістанды облыс орталығы ретінде белгілеуі туралы шешімі өңірді одан әрі дамытуға септігін тигізеді. Елбасының осы тарихи шешімі жергілікті халықтың өмірін жақсартуға, сондай-ақ жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді», — деді Б. Сағынтаев.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің төрағалығымен Түркістан қаласының түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы ретінде дамуына ықпал ететін Бас жоспарды әзірлеу бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.
Таныстыру барысында Бақытжан Сағынтаев Ж. Түймебаевтың түрлі жауапты басшылық қызметтердегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу аясында жергілікті жұртшылық өкілдері де сөз сөйледі. Жазушы Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері Ш. Мырзахметов өңір атынан Мемлекет басшысына халықтың рухани күш-жігерін көтеретін және өңірді дамытуға жаңа серпін беретін шешім қабылдағаны үшін алғыс бірдірді.
Айта кетейік, 19 маусымда Президенттің «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта аталып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі