- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғыру: Түркістандық өнерпаздар Астанаға тарту жасады
Рухани жаңғыру: Түркістандық өнерпаздар Астанаға тарту жасады
Түркістан облысының халқын еліміздің елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын сезіндіру мақсатында «Ел жүрегі - Астана» тақырыбында көрмелік кешеннің ашылуымен басталып, бүгінгі таңға дейін 760 іс-шара өткізілген болатын.

Елорда құрметіне орай облыстың елді мекендерінде 26 көшеге «Астана» атауы берілді.
«Елордаға сыйлық» жобасы бойынша Түркістан облысы тарапынан Астана қаласына тарту ретінде Есіл өзені бойында орталық саябақ пен Министрліктер үйі аралығына дейін 5,173 шақырым веложол салынуда.

Әкімдіктің мәліметінше, концерт «Шарықтай бер, Астана» театрландырылған-хореографиялық композициясынан бастау алып, дәстүрлі әндер шеруі, қазақ және классикалық, Ш.Қалдаяқов әндерінен попурри, «Дала рухы» композициясымен жалғасын тапты.
Тұран елі өнерпаздарының өнерін тамашалауға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» аясында Түркістан облысының қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылған жұмыстарының бір жылдық қорытынды көрмесі елордадағы «Астана» концерт залының фойесінде ұйымдастырылды.

Мұндағы көрмеге 500-ге жуық жұмыстар қойылып, Астана жұртшылығына таныстырылды.
Кешенді көрмеде келушілер назарына Түркістан облысының қасиетті, киелі жерлер тізіміне енген тарихи-мәдени орындары, мәдени іс-шараларда түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдер туралы видео және суреттер, белгілі қылқалам шеберлерінің шығармалары, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары, облыстың көркем жерлері бейнеленген фотосуреттер, сондай-ақ, ақын-жазушылардың кітаптары мен ұлттық киімдер, Астананың көрікті орындары бейнеленген кілемдер, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азаматтар туралы мәліметтер орналастырылған.

Астанаға тарту ретінде жасалған көрменің ерекшелігі, көрме -11 экспозициялық бөліктен құралған.
Айта кетейік, күні кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Аягөз Құрмаш
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады