- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бекітілді
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бекітілді
Бағдарлама Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде әзірленді.
Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%, бастапқы жарна – 20%, қарыз мерзімі – 25 жылға дейін болатын талаптармен беруді көздейтін «7-20-25» бағдарламасын іске қосу тапсырылды. Бағдарлама ипотекалық тұрғын үй қарыздарын берудің негізгі талаптарын, қарыз алушылар мен банктерге Бағдарламаға қатысу үшін өлшемшарттарды, банктердің оператормен өзара іс-әрекет жасау тәртібін, сондай-ақ Бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін заңнамалық актілер деңгейінде қабылдануға тиіс шараларды айқындайды.
Ұлттық банк хабарлағандай, бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады.
Оператор облигацияларды шығару және орналастыру есебінен қаржыландырудың нарықтық тетіктерін пайдалана отырып Қазақстан қор биржасына (KASE) кемінде 1 трлн теңгені тартады және алынған қаражатты Бағдарламаның талаптары бойынша қатысушы банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын сатып алуға жібереді.
Бағдарлама шеңберінде қатысушы банктерге қатысты өлшемшарттар айқындалатын болады. Қатысушы банктердің тізбесі олар «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-пен тиісті шарттар жасасқан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бағдарламаның талаптарына сәйкес қатысушы банктердің қарыздар беру және қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқығы жоқ.
Қатысушы банктердің қарыздарды беру рәсімдерінің басталғаны туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында да орналастырылатын болады. «7-20-25» бағдарламасын іске асыра бастаудың күтілетін мерзімі – ағымдағы жылдың екінші жартысы.
«7-20-25» Бағдарламаның талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында 2018 жылғы 19 маусымнан бастап «7-20-25» жаңа бөлімі іске қосылды, онда осы Бағдарламаға қатысты қызығушылық тудыратын сұрақтарға жедел жауап алуға болады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты