- Басты
- Жаңалықтар
- Салық, еңбекақы, блокчейн және криптовалюта – ҰЭМ есебі
Салық, еңбекақы, блокчейн және криптовалюта – ҰЭМ есебі
Ұлттық экономика министрі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК-ге дейін еңбекақы алатын жұмысшылардың табыстарына салынатын салық көлемін азайту көзделіп отырғанын жеткізді. Осылайша, салықтық жүктемелер 10 есе қысқаратын көрінеді. Соған сәйкес заңнамалық түзетулер дайындалды.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды салықтық ынталандырулар бойынша оларға тиімді тетіктерін әзірлеу міндеті болып отыр. Сәйкес түзетулер еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе дайындалды», - деді министр.
Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрамына кіретін жұмыс тобын құрылғанын айтты.
«Бүгінде бұл мәселе бойынша халықаралық тәжірибе көп емес, кейбір елде криптовалюта толықтай мойындалса, кейбір ел мүлдем мойындамай отыр. Сол себепті бірыңғай вектор мен бағытты атау қиын. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді Т.Сүлейменов.
Т.Сүлейменов блокчейн бұл деректерді фиксациялау әдісі, олардың нақтылығын растау екенін жеткізді.
«Менің пайымым бойынша басқадай пікір болуы мүмкін емес, мұны нотариалды саладан бастап ҚҚС секілді салық деңгейінде, яғни барлық салада жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. Себебі блокчейн жүзеге асырыуымыз керек жаңа техникалық бағыт», - деді ол.
Министр айтып өткендей, қазір блокчейн технологиясына қарағанда криптовалюта мәселесі өте күрделі болып отыр.
«Бұл валютаның нақты шығарушысы жоқ. Валютаны шығарушы оның міндеттеріне жауап бере алады және экономикалық күші мен қабілетін көрсетуге жұмыс істейді. Оған Ұлттық Банк, орталық банк жауап береді. Ал, криптовалюта бойынша оның шығарушысы кім екенін анықтау және олардың өз міндеттерін қаншалықты атқара алатынын айту өте қиын», - деді Сүлейменов.
Тимур Сүлейменов айтып өткендей, осы жарты жылдың ішінде Премьер-Министрмен бірге бұл мәселе экономикалық саясат бойынша кеңесте қарастырылады.
Сондай-ақ, министр сыртқы қарызды басқару мақсатында биыл сыртқы қарыз көлемі анықталатынын жеткізді.
«Біз алғаш рет квазимемлекеттік сектордағы қарыз көлемін анықтап, оны нақты регламенттеп, қадағалаймыз. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың келесі жылға деген қарыз лимиттерін қараймыз», - деді ол.
Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы тиімді бюджет-салық саясатын жүргізуді жалғастыратынын айтты.
«Салықтық заңнаманы дамыту аясында біз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысына салынатын салықты реттеу тәртібі мен жеке табыс салығын реформалауға қатысты өзгерістер қатарын дайындадық. Сонымен қатар фискальді орталықсыздандыруға қатысты сұрақтарды алдағы уақытта қарастырамыз», - деді министр.
Ұлттық экономика министрлігінің есептік кездесуіне мемлекеттік орган өкілдері, БАҚ және өңірлік өкілдер қатысты.
Аягөз Құрмаш
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы