- Басты
- Жаңалықтар
- Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұстаздары ҚР Президентінің Жолдауын үлкен шабытпен қабылдады
Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұстаздары ҚР Президентінің Жолдауын үлкен шабытпен қабылдады
«Елбасы Жолдауындағы басты нысан - Мәңгілік ел, оның азаматы, өмірінің сапасы, ертеңге деген сенімі. Ал, бұл білім мен ғылымның дамуы арқасында ғана лайықты болатын іс, -деді ректор. Сонымен бірге білім беру саласында ұлттық университетіміздің оқу үрдісін сапаландырып, жаңа технологияларға қатысты қондырғылар мен құрал-жабдықтар орнату кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатқанын; университет ғалымдарының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарымен тығыз байланыс орнатқанын; бұл «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыруға бүгіннен жасалған қарышты қадам екенін тілге тиек етті», - делінген хабарламада.
Университет дамуының негізгі қағидаты - сапалы біліммен қамтамасыз ету, қоғамның көкейкесті сұранысына сай білікті маман даярлау, интелектуалды, отаншыл орта қалыптастыру. Бүгінде ЕҰУ жанынан Біріккен ядролық зерттеулер институты құрған Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені жұмыс істейді. Мұнда ядролық физика, нанотехнология, материалтану бойынша іргелі және қолданбалы зертеулер жүргізіледі.Үкімет қаулысымен ашылған Ұлттық зертхана да әлемдік жаңалықтарға негіз болып отыр. Бұдан басқа ЕҰУ-дегі Инновациялық парк те өз жемісін бере бастады.
Сонымен қатар, биылғы жылы жаңа оқу-зертханалық ғимарат, шағын отбасылық үй ашылатын болады.Мұның бәрі Президент Жолдауы талабымен астасып жатыр. Алда атқарылатын жұмыстар әлі де ауқымды, әрі маңызды. Сондықтан біз Президент Жолдауына іргелі байыптама, елдік тиянақ ретінде қарап, жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде үлкен жауапкершілікпен орындауға ұмтылуымыз қажет.
Сондай – ақ, оқу ордасының басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шәкіртақының 25 пайызға артатыны туралы жеткізе келіп, Үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан стипендия мөлшерін 25 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз сөзінде үлгерімі жоғары студенттер мен оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажетттігін де қадап айтқандығын алға тартты.
«Сондықтан үлгілі студент, білікті ұстаз - ел мен университет абыройы, ғылым мен білім әлеуеті. Бізде ол бар және оны әрқашан сапаландыра беруіміз қажет,-деді БАҚ өкілдеріне береген сұхбатында университет басшысы Ерлан Сыдықов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы