- Басты
- Жаңалықтар
- Түрікменстан Қазақстан үшін бауырлас ел – Г.Әбдіқалықова
Түрікменстан Қазақстан үшін бауырлас ел – Г.Әбдіқалықова
Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова еліміздің ішкі саясатындағы маңызды бағыттарға назар аударды. Бүгінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы жаңғыртуды көздеген жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы іске асырылып жатыр. Мақсатымыз – жаңа әлемнің көшбасшы елдерінің қатарына қосылу. Әлеуметтік жауапты мемлекет құруға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жобасы орындалуда.
Гүлшара Әбдіқалықова кең ауқымды бағыттар бойынша жоғары деңгейдегі өзара сенімге негізделген сындарлы саяси диалогтың арқасында екіжақты қарым-қатынас нығайып, ынтымақтастық стратегиялық мәртебеге ие болғанын айтты.
«Түрікменстан Қазақстан үшін Орталық Азиядағы тек тату көрші мен сенімді серіктес қана емес, бауырлас мемлекет. Біздің елдерді ортақ мәдениет, шынайы достық пен өзара іс-қимыл байланыстырады», – деді Мемлекеттік хатшы.
Бүгінде Қазақстан мен Түрікменстан түрлі көпжақты басқосулар (БҰҰ, ТМД, ИЫҰ және т.б.) аясында ынтымақтасып келеді. Парламентаралық және ведомствоаралық байланыстар нығаюда. Өңіраралық байланыстардың өрісі кеңеюде. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысы жолға қойылған.
«Аралды қорғау халықаралық қоры (АҚХҚ) өңірлік өзара іс-қимылдың маңызды алаңы болып қала береді», – деді Мемлекеттік хатшы.
Қазақстан мен Түрікменстанда әлемдік, сондай-ақ өңірлік державалар игеруге және жеткізуге мүдделі болып отырған көмірсутек ресурстарының елеулі қоры бар. Екі елдің көлік-транзит әлеуеті де орасан зор. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 99,3 млн.доллар болды.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Т.Б.Көмековке өзара қарым-қатынасты тату көршілік пен стратегиялық серіктестік рухында одан әрі ілгерілету жолында мол табыс тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек