• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауы ел өңірлерінің дамуына жаңа серпін береді – Б.Әбдішев

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауы ел өңірлерінің дамуына жаңа серпін береді – Б.Әбдішев

17 Қаңтар, 2014 17:50
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауы ел өңірлерінің дамуына жаңа серпін береді, дейді Қарағанды облысы әкімі Б.Әбдішев

«Өздеріңізге белгілі, Қарағанды елордадан шалғай жатқан жоқ. Бұл өз кезегінде көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Қазіргі кезде өңірімізде қолға алынып жатқан инфрақұрылымдар, атап айтар болсақ Астана-Теміртау тас жолы мен одан кейін Алматыға тартылатын автомобиль жолы біздің облысымыздың дамуына үлкен серпін береді. Президенттің тапсырмасымен салынып жатқан Жезқазған-Шалқар-Бейнеу темір жолы әрине үлкен жетістіктерге жеткізеді», - деді Қарағанды облысы әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы басты идея «Мәңгілік ел» патриоттық акті болып табылады.

«Мәнгілік Ел» патриоттық акті – біздің ұлтымыз, біздің болашағымыз. Осы жолда әр қазақстандықтың тер төгіп, еліміздің болашақ қалыптасу үшін мәдениетіміз бен өмір сүру салтын қалыптастыруымыз керек», - деді Б.Әбдішев.

Оның айтуынша, Қарағанды облысы Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындап келуде.

«Біріншіден, әрине, халықтың әлеуметтік жағдайының жетілуі және орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы. Сонымен қатар, бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуы, біздің экономикамыздың әртараптануы, қолда бар өнімді терең өңдеу. Енді біздің алдымызда жаңа тапсырма – агломерация мәселесі», - деді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандық жол-2050»: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» Жолдауын жолдады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар