• Басты
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаһандық пішінге ие – сарапшы
14 Маусым, 2018 09:35

Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаһандық пішінге ие – сарапшы

Бүгінде ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық әлеуеті артуда. Ұйым жаһандық пішінге ие болып отыр.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әділхан Гадельшиев мәлімдеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаһандық пішінге ие – сарапшы | Strategy2050.kz

«ШЫҰ мүше елдерінің көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылап, алдағы жағдайда өзара әрекет ету мәселесін қарастырды. Сондай-ақ, бірқатар ұсыныстар енгізіліп, құжаттар топтамасы қабылданды», - деді Ә.Гадельшиев.

Сарапшының айтуынша, ең басты саяси құжат Циндао декларациясы болды, онда  ШЫҰ мүше елдерінің өңірлік және жаһандық саясатқа деген шоғырландырылған әдістері айқындалған.

«Ұйым аясында көпжоспарлы дамудың  жалпы көрінісі ұсынылған. Аталған форматқа дәстүрлі болып келетін Циндао декларациясынан бұрын қоршаған ортаны қорғау, туризм саласында да құжаттар қабылданды», - деді  ол.

Әділхан Гадельшиев айтып өткендей, ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ арасында білім беру, ғылым мен мәдениет  саласында  өзара түсіністік  туралы меморандум түзілді.

«Қауіпсіздікті нығайту бойынша бірлескен жаңа шаралар қалыптастырылды. Ел көшбасшылары терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы тұру барысындағы ынтымақтастығының 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы шешім қабылдады. 2018-2023 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын және оны орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы шешім де бекітілді. Қауіпсіздікті нығайту саласында түзілген келісімдер  халықаралық қарым-қатынас пен жаһандық сын-қатерлердің белсенді болуына байланысты», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, бірлескен өндіріс пен электрондық сауданы дамыту бойынша ортақ платформа құру үшін  Қазақстан цифрландыру мен жаңа технологиялар саласында тәжірибе алмасу алаңын ұсынды.

Сондай-ақ, Елбасы Бейжің-Астана-Мәскеу-Берлин бағыты бойынша  Еуразиялық жоғары жылдамдықты темір жол магистралі жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

«Аталған мегажобаның жүзеге асырылуының әлеуеті ШЫҰ мен ЕАЭО платформаларын біріктіре алады. Ұйымның  экономикалық дамуына серпін бере алады», - деді Ә.Гадельшиев.

Сарапшы айтып өткендей, ШЫҰ тарапынан  жастарды, жас ұрпақты  ұйымға белсенді тартуға, мүше елдердің экономикалық өміріне қатысуға ерекше назар аударылды. Осы орайда, ШЫҰ Іскерлік кеңесінің жастар қанатын  құру мәселесі қарастырылды.

«Бүгінде ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық  әлеуеті артуда. Ұйым жаһандық пішінге ие болып отыр. ШЫҰ дамытудың  18 жылдық тәжірибесі  оған мүше елдер әр түрлі ұстанымдарымен  өзара қауіпсіздік пен бірлескен дамуды қамтамасыз ете алады», - деді Ә.Гадельшиев.

Сарапшы айтқандай,  аталмыш отырыстың тарихи маңызын атай отыра «сегіздік» форматы Қытай мен Үндістан, Үндістан мен Пәкістанның қарым-қатынасын жақсартады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары аясында Циндао қаласында ШЫҰ мүше елдерінің кеңейтілген отырысы өтті. Саммиттің ерекшеленетін тұсы ұйымға  толыққанды мүше ретінде Үндістан мен Пәкістан енді.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды