- Басты
- Жаңалықтар
- ШЫҰ саммиті аясындағы келісімдердің Қазақстанға берері мол – сарапшы
ШЫҰ саммиті аясындағы келісімдердің Қазақстанға берері мол – сарапшы
Сарапшы Ж.Сарабековтың айтуынша, шанхайлық «сегіздіктің» кеңейтілген отырыста жасаған келіссөздері ШЫҰ өзінің қажеттілігін сақтап, Үлкен Еуразиядағы трансконтиненталды ынтымақтастық алаңы атануы үшін жоғары әлеует жинайтындығының куәсі.
«ШЫҰ көшбасшылары 17 құжатқа қол қойды. Ол келісімдер қауіпсіздіктен бастап экономикалық ынтымақтастыққа дейінгі негізгі серіктестік бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ, саммитке қатысушылар алдағы 5 жылға арналған ШЫҰ есірткіге қарсы стратегиясын әзірлеп, 2019-2021 жылдарға терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы тұру барысындағы ынтымақтастығының бағдарламасына қол қойды. Сонымен қатар, ШЫҰ басшылары бизнесте ынтымақтастықты ынталандыру бойынша меморандум түзді», - деді Ж.Сарабеков.
Оның айтуынша, соңғы келісім өзекті болып табылады.
«Бүгінгі таңда барлық бақылаушылар ШЫҰ қызметіндегі экономикалық трек қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан қалып бара жатыр. Инвестициялық диалог, бірлескен бизнес жобалар сананың аздығы, тиімді тетіктер мен қаржыландырудың жоқтығы ШЫҰ-ның экономикалық серіктестік платформасы ретіндегі әлеуетін шектейді», - деді ол.
Сондай-ақ, ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қосылуы сауда-инвестициялық диалогтың нығаюы мен оны дамытуға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.

«ШЫҰ мүше елдеріне Оңтүстік Азия мен Еуропа нарықтарын біріктіруге мүмкіндік туды. Сондай-ақ, транспорттық және энергетикалық дәліздерді «Солтүстік-Оңтүстік» бағытында қосуға мүдделі», - деді Ж.Сарабеков.
Сарапшы айтқандай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзі мен ұсыныстары ШЫҰ аясында экономикалық ынтымақтастықты белсенділету мен жаңартуды қарастырады.
«Ұлт көшбасшысы өз әріптестерін ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша бірлескен тетіктерді әзірлеуге шақырды. Бұл орайда алғашқы жоба «Бейжің-Астана-Мәскеу-Берлин» бағытындағы Еуразиялық жоғарыжылдамдықты теміржол бола алатын еді. Болашақта аталмыш магистраль ШЫҰ, ЕАЭО мен ЕО-ны біріктіре алады», - деді сарапшы.
Н.Назарбаевтың келесі бастамасы бірлескен заманауи өндірісті дамыту үшін және электронды сауданы кеңейту үшін ортақ платформа құру мақсатымен цифрландыру және жаңа технологиялар саласында тәжірибе алмасу жөніндегі алаң қалыптастыру.
«Қазақстан үшін IT технология мен роботтандыру саласында үздік болып есептелетін Қытай және Үндістанмен ынтымақтастық жүргізу экономикалық жаңғырудың маңызды тетігі болып саналады», - деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, 10 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысқан болатын.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері