- Басты
- Жаңалықтар
- CNPC компаниясы Қазақстанның негізгі әріптесі болып саналады - Елбасы
CNPC компаниясы Қазақстанның негізгі әріптесі болып саналады - Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев CNPC компаниясының мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және оны қайта өңдеу салалары бойынша Қазақстанның негізгі әріптесі болып саналатынына тоқталып, бұл кәсіпорынның еліміздегі жұмысына қанағаттанатынын айтты.
«Жалпы осы жылдар ішінде Қазақстанда 100 миллион тоннадан астам мұнай өндірілді. Біз сіздің компанияңызбен ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз. Әсіресе, «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын пайдалану арқылы ішкі нарыққа және Қытайға жеткізілетін мұнай көлемін арттыра аламыз», - деді Н.Назарбаев.
Компания басшысы CNPC-дің Қазақстандағы әріптестермен 20 жылдан астам уақыттан бері ынтымақтаса жұмыс істеп келе жатқанын және зор жетістіктерге жеткенін айтты.
«Сіздің көңіл бөлгеніңіздің және Қытай Үкіметі көмегінің арқасында айтулы нәтижелерге қол жеткіздік. Сізге зор құрметім мен ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің мүмкіндігіміздің бар екенін және оны одан әрі дамытып, жұмыс істеуге ниетті екенімізді жеткізгім келеді», – деді Ван Илинь.
Компания басшысы Қазақстан Президентіне Іскерлік кеңес аясында жүргізілген келіссөздер мен қол қойылған келісімшарттар жөнінде баяндады.
«Үкіметіміз және Си Цзиньпин мырзаның жеке өзі қазақстандық әріптестермен тығыз ынтымақтастықты жаңа деңгейде дамытуға мүдделілік танытып отыр. Бұл міндетті орындауға шамамыз жететініне кәміл сенеміз», – деді компания басшысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі