• Басты
  • Елбасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті
8 Маусым, 2018 12:48

Елбасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті | Strategy2050.kz

Тұрақты комитет төрағасы Ли Чжаньшу Қытайдың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының атынан Қазақстан Президентіне ілтипат білдіріп, мемлекеттік сапар аясында жүргізілген келіссөздердің жемісті болғанына тоқталды және солардың нәтижелері бойынша қол қойылған құжаттар қазіргі кезеңдегі екі жақты қатынастардың нақты даму жоспарын айқындағанын атап өтті.

«Сіз – біздің халқымыздың нағыз досысыз, ал мен үшін ең құрметті мемлекет қайраткерлерінің бірісіз. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанда нарықтық экономика қалыптасып, халықтың жағдайы жақсара түсті, қоғамда тұрақтылық бар. Еліңіздің әлемдегі және өңірдегі беделі әрдайым артуда. Өздеріңіз «Нұрлы жол» деп атағандай, Сіздің мемлекетіңіз жарқын болашаққа жол ашты. Сіз халық арасынан шықтыңыз, оның арман-мүддесін білесіз және ұзақ жылдар бойы Қазақстанды табысты даму жолына бастап келесіз. Сіз – қытай халқы үшін қаһарман тұлғасыз және біздер – басшылар үшін үлгі саналасыз. Сіздердің достарыңыз әрі көршілеріңіз ретінде Қазақстанның жетістіктері үшін шын жүректен қуаныштымыз», – деді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы.

Мемлекет басшысы Ли Чжаньшуға өзінің және Қазақстанның атына айтылған жылы сөздері үшін ризашылық білдірді.

«Мен Сізді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтаймын және  зор табыс тілеймін», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің парламентаралық ынтымақтастығы мәселелерін талқылау сәтінде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының ХІХ съезінде қабылданған және елдегі тұрақтылықты қолдауға, сондай-ақ қойылған міндеттердің орындалуына бағытталған шешімнің Қытай үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.  

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қытай мемлекетінің 40 жыл бойы қытайлық өзіндік ерекшелігі бар социализм құру жолымен келе жатқанын және соның барысында әлемдік деңгейдегі жетістікке қол жеткізгенін айтты.

«Қытай бүгінде әлемдегі экономикасы орасан зор жетекші елдердің біріне айналды. Инновациялар жылдам енгізіліп, ғылым саласына тартылған инвестиция көлемі артуда. Елдеріңіз өз дамуының мүлде жаңа жолына қадам басты», – деді Мемлекет басшысы.

 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары барысында Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қойып, қытай халқының ХІХ және ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық күресі барысында құрбан болған перзенттерінің рухына тағзым етті.

Монумент 1840 жылғы Бірінші апиын соғысынан бастап 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі кезеңдегі Қытай революциялық қозғалысының тарихынан сыр шертетін оқиғаларға арналған.

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды