• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаевтың Жолдауы – мемлекет қолға алуы керек қадамды істердің мазмұны – Б.Жәмішев

Н. Назарбаевтың Жолдауы – мемлекет қолға алуы керек қадамды істердің мазмұны – Б.Жәмішев

17 Қаңтар, 2014 20:45
Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауы «Қазақстандық жол»: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» - мемлекет қолға алуы керек қадамды істердің мазмұны, дейді Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.

«Биылғы жыл Жолдауы – өткен жылғы Жолдауындағы Қазақстанның алдыңғы қатарлы отыздыққа енуі бойынша атқарылуы керек шаралардың нақтылануы. Бұл аталмыш міндеттемелерді орындау үшін мемлекет қолға алуы керек қадамды істердің мазмұны. Президент айтқандай, «өзіңнің нақты мақсатыңды айқындамасаң, жетістікке жету мүмкін емес». Әрине, дамыған елдердің қатарына ену барына үлкен жоспар. Бұл жоспар қазіргі кездегі қол жеткізген жетістіктерге негізделген және Президенттің бүгінгі айтқандары тек ұсыныс қана емес, бұл пысықталған кәдімгі ұзақмерзімді жоспар. Үкіметтің ендігі міндеті осы жоспарды орындау», - деді Жәмішев.

Министрдің айтуынша, 2050 Стратегиясы қалалық агломерацияны дамытуға баса мән береді, тек бір ғана мегаполис емес емес, көптеген елді-мекендер шоғырының экономикалық дамуына басымдылық береді.

«Өзінің экономикалық мүмкіндіктері өлшемімен кісі қала сыртында өмір сүріп, қалада жұмыс істей алады. Ол үшін аталмыш экономикалық жағдай барынша төмен болуы үшін барлық инфрақұрылымдарды дамыту керек. Ол үшін бірыңғай агломерация жоспарын дайындау керек. Нақтырақ айтсақ, Президент алға қойған міндеттемелер, Астана мен Алматы агломерациясы бойынша жыл соңына дейін негізгі концептуалды әдістерді дайындауды тапсырды, қазіргі кезде аталмыш бағыттағы жұмыстар басталды. Аталмыш қалаларды дамыту бойынша кешенді жоспарлар дайынн. Толық жұмыс жыл соңына дейін аяқталады», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 17 қаңтарда Астанада Мемлекет басшысы ҚР қос палатасынығ біріккен отырысында жыл сайынғы «Қазақстандық жол - 2050»: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» Жолдауын жолдады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар