- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді
Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді
Нұрсұлтан Назарбаев Ли Кэцянді Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері лауазымына тағайындалуымен және Қытай Халық Республикасы Компартиясының ХІХ съезінің табысты өтуімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгеніне тоқталып, оның өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуға тиіс екенін айтты.
«Мен Сіздің 2014 жылғы желтоқсан айында Қазақстанға келген сапарыңызды ойыма алып отырмын. Сол кезде Сіз елдеріміз арасындағы бірлескен индустриалды-инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін өте қызықты әрі батыл идеялар ұсындыңыз. Осы бастаманың арқасында Сізбен бірге жалпы көлемі 28 миллиард долларды құрайтын 51 жобаға қол қойдық. Солардың 11-і жүзеге асырылып жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында тараптар энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Қытайдың бірлесіп түсірген «Композитор» атты бірінші кинофильмінің шығармашылық тобымен кездесті. Фильм Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда болған қытай композиторы Си Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығына арналған.
Қазақстан Президенті фильм трейлерінің таныстырылым рәсімінде актерлер құрамына кәсіби өнер көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі елдің мәдени саладағы ынтымақтастығының жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Көркем фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Қытайдың «Shinework Pictures» және «China Film Coproduction Corporation» компаниялары түсірген. Басты рөлдерде қазақстандық актерлер – Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, қытайлық актерлер – Ху Цзюнь және Юань Цюань ойнайды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр