• Басты
  • Жоғары оқу орындары жаңа форматтағы мамандарды даярлауға тиіс – Мемлекеттік хатшы
7 Маусым, 2018 11:04

Жоғары оқу орындары жаңа форматтағы мамандарды даярлауға тиіс – Мемлекеттік хатшы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Серпінді технологиялар дәуіріндегі жоғары білім инновациясы» атты Жоғары білім беру көшбасшыларының VІІ Еуразиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жоғары оқу орындары жаңа форматтағы мамандарды даярлауға тиіс – Мемлекеттік хатшы | Strategy2050.kz

Бұл форум 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – технологиялық және әлеуметтік өзгерістер тұрғысынан білім беру секторын талқылау.

Форум жұмысына ұлттық және әлемдік сарапшылар, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, білім саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ әлемнің 15 елінен (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Австралия және т.б.) 150-ден астам делегат қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде биылғы форумның Қазақстанның символы – Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырғанын айтты.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Елбасының білім беру жүйесінің жан-жақты дамуына айрықша көңіл бөлетінін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен әрдайым сіздердің білім алуларыңыз бен дамуларыңыз үшін қажетті барлық жағдайды жасауға тырысып келемін. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептерін аштым, «Болашақ» бағдарламасын бекіттім» деген сөзіне тоқталды.

Назарбаев Университеті – еліміздің маңызды ұлттық жобасы. Осы оқу орны ашылғаннан бері (2010 ж.) оның қабырғасынан 2 мыңға жуық маман түлеп ұшты. Университет биохимиялық және ядролық инженерия, робототехника, мехатроника және басқа да сирек бағыттар бойынша кадрлар даярлайды. Мұнда әлемнің түпкір-түпкірінен келген үздік оқытушылар жұмыс істейді және ең заманауи материалдық-техникалық құралдармен, зертханалармен жабдықталған. 

Бүгінде Назарбаев Университеті жаһандық деңгейдегі ғылыми-білім беру орталығына айналып, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Сингапур және Азиядағы басқа да елдердің 14 жетекші университеттерінің қатарына қосылды.  

« Жоғары оқу орындары келешекте еңбек нарығындағы бәсекеге төтеп беру үшін, білімнің үздік бағдарламалары бойынша оқытылған жаңа форматтағы мамандарды даярлауға тиіс», – деді Мемлекеттік хатшы.

Форум соңында Гүлшара Әбдіқалықова жиынға қатысушылардың сындарлы сұхбат құрып, табысты жұмыс істеуіне тілектестігін білдірді. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды