- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтық Альянс үкіметтік ұйымдар ішінде ерекше сенімге ие – Д.Кәлетаев
Азаматтық Альянс үкіметтік ұйымдар ішінде ерекше сенімге ие – Д.Кәлетаев
Күні кеше «Almaty Management University» президенті, қоғамдық қайраткер Асылбек Қожахметов Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып тағайындалды.
Асылбек Қожахметов жаңа жұмысына білек сыбана кірісіп кеткен. Ол Азаматтық альянс елдегі маңызды мәселелерге сүбелі үлес қосып, кей оқиғаларда соңғы шешімді қабылдау құзырына ие болуы керек деп есептейді.

«Бүгін жаңа министрмен алғашқы кездесу. Жұмысшы кездесу болып табылады. Барлық проблемалар мен мәселелерді алға тартамыз. Сондай-ақ, алдағы ауқымды шараларға дайындықты пысықтаймыз. Болашақта азаматтық форум өтеді», - деді А. Қожахметов.
Сондай-ақ, А.Қожахметов Азаматтық Альянстың ҮЕҰ мүшелерінің жұмысы белсенділеп, қоғамға қосар үлесі көбірек болуы керек деп есептейді.
«Мемлекет тарапынан ашық жұмыс жүргізілуде, алайда оның ұйымдастырылуы қажетті жағдайда емес. Стратегия ретінде нақты бағыттар анықталмаған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шараларына Азаматтық Альянстың үлесі мол болуы керек. Ол 1-2 жыл ішінде жүзеге асырылатын шара», - деді А.Қожахметов.
Ол айтып өткендей, кеңейтілген отырыста ұйымның қызметі бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданады.
Өз кезегінде, Дін және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев министрлік пен азаматтық қоғам бірлесе жұмыс істемесе министрліктің жұмысы елдегі болып жатқан көптеген процестерге сәйкес келмейтінін айтты.
«Біз әртіптестерміз. Ойлау өрісіміз бен көзқарасымыз бір жерден шығуы керек. Себебі, жұмыс бағытымыз бір. Мен ең біріншіден жаңа президентті құттықтағым келеді. Көптеген жұмыстарға араласып жүрген, өз пікірін білдіретін азамат. Менің Асылбек Қожахметов жұмысқа тың серпін беріп, өзгерістер жасайтынына сенімдемін. Сондықтан да, барлығымыз бірлесе отырып жұмыс істеуіміз керек», - деді Д.Кәлетаев.
Сондай-ақ, министр Азаматтық Альянстың жұмысына 12 жыл ішінде айтулы үлес қосқан тұлғаларды атап өтті. Министр дайындап келген баяндамасын оқымай, альянс мүшелерімен ашық әрі тиімді талқылау өткізгісі келетінін айтты.
«Бүгінгі таңда Азаматтық Альянс қалыптасқан, айтарлықтай беделі бар ұйым. Әсіресе, үкіметтік емес ұйымдардың ішінде ерекше сенімге ие болған. Осы жұмысты әрі қарай жалғастыруымыз керек. Бүгін маған дайындап берген баяндамамды оқуға болатын еді. Бірақ, мен сіздермен ашық әрі тиімді диалог құрғым келеді», - деді Д.Кәлетаев.
Сондай-ақ, министр көп жағдайда Азаматтық Альянс қазіргі таңда үкіметтік емес ұйым призмасы арқылы танылатынын айтты.
«Қазір бұл жағдай шешілген сияқты. Себебі, Азаматтық Альянс ол тек қана ҮЕҰ емес, елдегі барлық азаматтық қоғаммен жұмыс істейтін ұйым болып саналады. Сондағы бар мәселелерді шешу үшін қоғамдық ұйым құрудың қажеті жоқ. Қызықтырған салалар бойынша топ-топ болып бірігіп, БАҚ-ты шақырмай-ақ оны әлеуметтік желіге салу арқылы республикадағы күн тәртібін қалыптастыруға болады», - деді Д.Кәлетаев.
Министр айтып өткендей, Азаматтық Альянс жұмысына кеңінен қарау керек. Сондай-ақ, ол ұйымға қатысты заңнама туралы айтып өтті.
«Біз жақында Мәжіліс пен Сенаттан өтіп, коммерциялық емес ұйымдар туралы заң жобасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бағыттадық. Заңда стандарттар мен гранттар, сыйлықтарға қатысты бірқатар оң мүмкіндіктер көрсетілген. Біз үкіметтік емес ұйым саласындағы заңнамамен жұмыс істеуіміз керек», - деді министр.
Министр Азаматтық альянс аясында ҮЕҰ заңнамасына қатысты ұсынымдар мен ұсыныстарды білдіретін, оларды ашық талқылайтын жұмыс тобын құру қажеттігін айтты.
«Бұл сарапшыларды тартуға қаржы қажет етсе, ол мәселені гранттар ретінде заңнамалық түрде берілген рұқсат тетіктері арқылы қарастыруға болады. Бұл жұмысты істеу қажет деп ойлаймын», - деді Д.Кәлетаев.
Сондай-ақ, Дін және азаматтық қоғам министрі Үкіметпен бірге ҮЕҰ қызметін Азаматтық Альянсқа тапсыру талқыланып жатқанын жеткізді.
«Азаматтық Альянсты мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы диалогтық алаңдарды ұйымдастыратын негізгі серіктестердің бірі болу керек. Азаматтық қоғамды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру және азаматтық секторды дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру жұмыстарында Азаматтық Альянстың әлеуетін барынша пайдалануды ұсынамын. Азаматтық Альянс Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, жаңа білім көздері мен құзыреттерін үйретуге бағытталған әдістемелік ортаға айналуы тиіс» - деді Д.Кәлетаев.
Өз кезегінде, Азаматтық Альянстың вице-президенті Мұсағали Дуамбеков Азаматтық Альянспен тек азаматтық қоғам министрлігі ғана емес, барлық министрліктер жұмыс істемейтінін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде Азаматтық Альянс Қазақстанның 500-ден аса ҮЕҰ біріктіретін ең ірі республикалық үкіметтік ұйым. Ұйымның жүйелік құрылымы еліміздің 16 аймағында, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейді. Өңірлік желілік құрылымдардың кеңселері облыс орталықтарында орналасқан. Осылайша, Азаматтық Альянс республика көлемінде өз жұмысын атқарып отыр.
Аягөз Құрмаш
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет