- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ басшысы: Шетелдік инвесторлар кеңесі мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың дамуы үшін маңызды
ЕҚДБ басшысы: Шетелдік инвесторлар кеңесі мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың дамуы үшін маңызды
Кездесу Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысы басталар алдында өтті. Келіссөз барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективалары жөніндегі мәселелерді талқылады.
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына қатысқаны үшін Сума Чакрабартиге ризашылық білдіріп, осындай екі жақты кездесудің дәстүрлі сипат алғанын айтты.
Қазақстан Президенті қазіргі уақытта елімізде бірлескен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
« Осы жылдар ішінде Қазақстанға 7 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Қазір сіздер Қазақстанмен ынтымақтастықтың еларалық бағдарламасын қабылдадыңыздар. Ірі инфрақұрылымдық бағдарламалар іске асырылуда. Шағын және орта бизнестің дамуына жол ашып, аграрлық кешенді қолдау ісі өзекті болып қала береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
С.Чакрабарти Қазақстанда инвестициялық белсенділікті ынталандыру үдерісіндегі Шетелдік инвесторлар кеңесі басқосуларының тиімділігі мен маңыздылығы және мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың дамуы жөнінде айтты.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр