- Басты
- Жаңалықтар
- А. Коэн: Қазақстан - шығыс пен батыс арасындағы маңызды көпір
А. Коэн: Қазақстан - шығыс пен батыс арасындағы маңызды көпір
А.Коэн еуразиялық дипломатия тұрғысындағы Астананың рөлін атап өтті.
«20 жыл ішінде Астана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың даналағы мен көреген саясатының нәтижесінде халықаралық деңгейдегі ірі экономикалық, қаржылық орталыққа айналды. Астана - Қазақстан болашағының жарқын кепілі. Осындай көреген саясат біздің елімізді де кезінде құтқарып қалған. Бұл Астананың Еуразия мен әлемдегі рөлін арттыра түседі. Қазақстан - шығыс пен батыс арасындағы маңызды көпір. Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бір бөлігі. Қазақстанның Ирандағы ядролық келісімдер, Сириядағы бітімгерлік шаралар және өзге мәселелердегі үлесі Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі мен маңызын арттыра түсуде», - деді Ариель Коэн.
Сондай-ақ, ол айтып өткендей, Қазақстанның қонақжайлығы және барлық мәселеге түсінушілікпен қарауы ерекшелік болып саналады.
«Қазақстанның Ауғанстандағы бітімгерлік мәселесіндегі үлесі, Сирия мәселесіндегі Н.Назарбаевтың бастамалары, Түркия мен Ресей арасындағы келіспеушіліктерді реттеудегі бейбіт шаралары ерекше дипломатиялық рөлді айқындайды. Ғаламдық дипломатиядағы Қазақстанның рөлін айтатын болсақ, Қазақстан Еуразиядағы Швейцарияның рөлін атқара ала ма? Деген сұрақ туындайды», - деді А.Коэн.
Сондай-ақ, сарапшы ядролық қарудан бас тарту, аз байытылған уран банкін құру бойынша Қазақстанның атқарып жатқан рөлі мен әлемде ядролық қаруды тарту жөніндегі бастамалары өте маңызды екенін жеткізді.
«Ауғанстандағы бітімгерлік бастамасы да ерекше рөлге ие. Осы тұрғыда Елбасы Н.Назарбаевтың көрегендігін айтып өту керек. Елорданы Астанаға көшіру шешімінде де данышпандық жатыр. Мемлекеттің астанасын ауыстыру өте үлкен саяси мәселе болып табылады. Сондықтан да, Астананың дамуы Қазақстанның дамуына алып келеді. Елорда бұл өте маңызды, табысты, нәтижелі жетістіктің айқын нысаны болып саналады. Бұл тарихи процесс, тек бір ғана ұрпаққа қатысты емес, бүкіл ұрпақтар сабақтастығын қамтиды», - деді ол.
Өз кезегінде, Германияның ЕҚЫҰ-дағы өкілі (2008-2012) Генри Хорстен Астана Саммитінен кейін араға 7 жыл салып елордаға қайта келгенін жеткізді.
«Астана ең беделді қалалардың қатарына қосылып, әлемдік аренадағы орнын нығайтты. Осындай Самиттерді өткізуде Елбасы Н.Назарбаевтың рөлі өте орасан. Посткеңестік елдер арасындағы ірі іс-шаралар Астанада өтіп жатыр. Жалпы алған кезде Саммит күрделі саяси процестерді өз бақылауына алу үшін үлкен жұмыс істеді. Қазақстанның осы аумақтағы көшбасшылық орнын айтқым келеді, Астана Декларациясы өте ауқымды құжат. Еуразия, Атлантика аумағындағы және ірі континет бөлігіндегі барлық мәселелерді шешуге арналған құжат. Осы аумақтағы елдердің тең, әрі бейбіт түрде күн кешуін, қауіпсіздігін орнатуға үлкен еңбек жасалады», - деді Генри Хорстен.
Сонымен қатар,Г.Хорстен айтып өткендей, Декларацияда адам құқығы, елдердің қауіпсіздігі қарастырылды.
«Өкінішке қарай, барлық айтылған талаптар орындалды деп айта алмаймын. Әлем әлі де қауіпсіз емес. Кейбір мәселелер шешілмей отыр. Біз үшін қазіргі кездегі өзекті мәселе Астана декларациясында қойылған мақсаттар бағытында жұмыс істеу. Біздің алдымызда тұрған мәселе өте көп», - деп түйіндеді Г.Хорстен.
Айта кетейік, халықаралық шарада шетелдік сарапшылар мен танымал саясаткерлер Астананың жетістігі мен халықаралық аренадағы беделін талқылады.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады