• Басты
  • ТМД елдері интеллектуалдық меншік нарығын қалыптастырады
1 Маусым, 2018 17:38

ТМД елдері интеллектуалдық меншік нарығын қалыптастырады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведевпен және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен екіжақты кездесулер өткізді.
ТМД елдері интеллектуалдық меншік нарығын қалыптастырады | Strategy2050.kz

Достастықта осы жыл Тәжікстан Республикасының төрағалығымен өткізіледі. ТМД ҮБК отырысы басталмастан бұрын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон үкіметтік делегациялардың басшыларын қабылдады. Кездесу барысында бірлескен жұмыс жоспарлары, сондай-ақ Кеңестің алдағы отырысының мәселелері қаралды.

Кеңес отырысына Беларусь Республикасының Премьер-Министрі А. Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі М. Абылгазиев, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А. Арипов, Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Р. Кохир, Әзербайжан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Я. Эюбов, Армения Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мирзоян, Түркіменстан Премьер-Министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Р. Мередов, Молдова Республикасының ТМД жарғылық және басқа да органдары жанындағы тұрақты өкілетті өкілі В. Сорочан, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы, атқарушы хатшысы С. Лебедев қатысты.

Отырыс дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамда өтті.

Шағын форматта делегациялардың басшылары Достастық аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, қызметтермен Еркін сауда келісімінің жобасы бойынша келіссөздердің барысы туралы ақпарат алып, бірқатар ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді шешті. ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы биыл күзде Астанада өтеді.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 11 қазанда Сочиде өткен ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі барысында бастама білдірген ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын жаңарту және оны іске асыру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары аясында Достастықты жаңғырту мен жетілдіру қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.

Кеңейтілген құрамда өткен отырыстың негізгі тақырыптары қатысушы елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуды қамтамасыз ету мәселелері болды. Зияткерлік меншік, энергетиканы инновациялық дамыту, электрондық және электр техникалық жабдықтардың қалдықтарын игеру, мемлекетаралық стандарттау және кеден істері салаларындағы ынтымақтастықты реттеу құралдары қаралды.

ТМД ҮБК жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасы үкіметтерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі барысында екіжақты экономикалық және сауда қатынастарының, энергетика, өнеркәсіп және кеден саясаты саласындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу дәстүрлі достық және ашық, сенімгерлік жағдайда өткізілді.

Қырғызстан Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен кездесуде әлеуметтік-экономикалық, сауда, инвестициялық, шекара және кеден салаларында қазақстандық-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі мен өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу ашық және сындарлы, достық атмосферада өтті. Премьер-Министрлер осы жылдың наурыз айында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жұмыс кездесуі аясында және Қырғызстан Президенті С. Жээнбековтың өткен жылдың желтоқсан айындағы ресми сапары барысында Астанада екі ел Президенттері арасында жасалған келісімдердің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшыларының 2020 жылға дейін екіжақты сауда айналымын $1 млрд дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының орындалу қарқыны қаралды.

Сонымен қатар, талқылау барысында 2017 жылдың 2 желтоқсанында Астана қаласында қол қойылған екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасын іске асыру мәселелері және алдағы Қазақстанда өтетін ТМД ҮБК отырысына қатысу мәселелері талқыланды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды