- Басты
- Жаңалықтар
- Smart Astana жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Эльвира Жүргенбаева
Smart Astana жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Эльвира Жүргенбаева
««Smart деген сөз ақылды дегенді білдіреді, екінші тараптан Smart сөзін жеңілдік деп те қарастыруға болады. Ақылды деген ұғымның ауқымы кең. Ақылды қызмет, қауіпсіз қала. Қазіргі уақыттың талабына сай даму үшін смартты енгізу өте қажет. Бұл өркениеттің талабы. Астана осы жобаны қолға алған алғашқы қалалардың бірі. Бұл жоба үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгінде ол инфрақұрылым, білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларына енгізілуде. Бұл қала мен қала тұрғындарының өмір сүруін жеңілдететін әдіс», - деді Э.Жүргенбаева.
Сондай-ақ, маманның айтуынша, Smart Астана қосымшасын телефонға орнатып, қала бойынша барлық ақпаратты үйден шықпай алуға болады. Қосымшаны смартфоны бар кез келген адам тегін жүктеп алуға болады.
« Аталмыш қосымшаның артықшылығы баршылық. Мәселен, қыс мезгілінде балаларды мектепке жіберер кезде Smart Астана қосымшасына сабақтың болуы болмауы бойынша ақпарат келіп түседі. Ол ТЖД-дан алынған ресми ақпарат. Бұл қызмет қала тұрғындарының айтуынша өте ыңғайлы. Сол үшін де қосымшаның қолданушылары күн санап артып келеді», - деді Э.Жүргенбаева.
Баспасөз қызметінің жетекшісі айтқандай, қосымша бойынша кез келген мәдени шараға билет сатып алуға болады. Елдегі онлайн қызметі бар барлық қызметті Smart Астанадан алуға болады екен.
««Сергек» қызметіне ілінген көліктерді де Smart Астанадан қарап, айыппұлды төлеуге болады. Smart бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар өте көп. Соның бірі Smart білім жобасы, ол өте ауқымды. Smart білім жобасы балабақшадан басталады. Өткен жылдан бастап балабақшаларға онлайн тіркеу басталды. Ол бойынша ақпарат Smart білімге келіп отырады. Балабақшаға орналасу бойынша құжатты да қосымша арқылы шығарып алуға болады. Қосымша арқылы шығарылған барлық құжат ресми болып есептеледі», - дейді ол.
Сонымен қатар, жүзеге асырылып жатқан Смарт жобаның бірі ол мектептерде.
«Қазір біз Smart білім беру бойынша мектептерге қатты көңіл бөліп жатырмыз. Жалпы орта білім беретін оқу ордасында 15 Stem лаборатория ашылды, бұл заманауи білім берудің бір бағыты. Ол мемлекет қаржысына емес, жеке меншік, демеушілердің қаржысы есебінен ашылып отыр. 1 қыркүйекке дейін барлық білім ордалары, медицина саласы онлайн режимде цифрландырылады. Бұл Smart Астананың жаңа келбетіне үлкен үлес қосады. Болашақта адаммен тікелей байланыс азаюы мүмкін, егер барлық қызмет цифрланатын болса, ол көп мәселенің оңай шешілуіне әкеледі. Жемқорлықтың да алдын алады деп күтеміз», - деді Э.Жүргенбаева.
Маманның айтуынша, Smart Астананың тағы бір саласы ақылды медицина.
«Астана тұрғындарының бірыңғай медициналық картасы жүзеге асырылады. Ақылды медицина кезекте тұруды жоюға бағытталған. Кезекте тұрмау үшін, онлайн түрде дәрігерге жазылуға болады. Қызмет бар да, пайдаланушылар аз болуы мүмкін. Ол қызметке жылдамырақ көшуіміз керек. Бұл кезең- кезеңмен шешілетін мәселе»,- деді Э.Жүргенбаева.
Сондай-ақ, маманның айтуынша, қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі 20 жылдыққа дайындалып жатыр. Жыл соңына дейін 700-ге жуық шара өтеді.
Аягөз Құрмаш
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары