- Басты
- Жаңалықтар
- KADEX-2018: Көрмеге әлемнің 28 елінен 318 компания қатысып отыр
KADEX-2018: Көрмеге әлемнің 28 елінен 318 компания қатысып отыр
Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде «KADEX-2018» көрмесі аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» атты халықаралық форумның өтуі биылғы шараның басты ерекшелігі екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті «KADEX-2018» көрмесінің қару-жарақ пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы әлемдік маңызы бар жиынға айналғанын айтты.

«Көрмеге әлемнің 28 елінен 318 компания қатысып отыр. Көрме қонақтары қорғаныс өнеркәсібі кешені және ғарыш саласындағы соңғы жетістіктермен таныса алады. Бұл жолы электрондық жүйе мен байланыс және қару-жарақты басқару жүйесін дамытуға айрықша мән берілді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бейбіт саясат жүргізіп отырғанын атап өтті.
«Қорғаныс саласы мен Қарулы Күштердің әлеуетін дамыту – мемлекет басымдықтарының бірі. Орталық Азия бойынша бірегей саналатын «KADEX» халықаралық көрмесі бұл басымдықтарды іске асырудың тиімді құралы болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.


Қазақстан Президенті еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту үшін халықаралық көрмені өткізудің тиімділігіне тоқталды.

«Биыл көрмеге қатысу үшін әлемнің 40 елінен ресми делегациялар мен шетелдік 108 компания басшылары келді. Қол қойылатын іскерлік келісімдер мен шарттар отандық және шетелдік қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары арасындағы халықаралық кооперация мен серіктестікті дамытуға септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, бұл инвестиция тартып, жалпы Қазақстан экономикасының экспорттық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Көрменің ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін Елбасы «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының, Ресей мен Қытайдың павильондарын аралап көрді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды