Н. Нығматулин: Елбасының жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі

17 Қаңтар, 2014 18:15
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы бойынша өз ойын ортаға салған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі екенін баса айта келіп, «биылғы Елбасы Жолдауының маңызды ерекшелігі – ол Президентіміздің «Қазақстан - 2050» Стратегиясын орындаудың нақты жолдарын көрсетіп бергендігі.

«Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айналасына бірігіп, дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз»,- деді.   

Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына біздің қоғамның басты құндылықтары енген. Ол Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен жүзеге асатын жалпы жетістіктеріміздің белгісі», - деді Н. Нығматулин.

 

Барлық жаңалықтар