- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы АЭФ аясында Пан Ги Мун және Франсуа Олландпен кездесті
Елбасы АЭФ аясында Пан Ги Мун және Франсуа Олландпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Франсуа Олландқа ризашылық білдірді.
«Сіз Президент кезіңізде біздің елде ресми сапармен болған едіңіз. Соның нәтижесінде ынтымақтастығымызды дамыту үшін жақсы жағдай жасадық», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар, соның ішінде «жасыл» технологиялар саласындағы ықпалдастық нығайып келе жатқанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетиканы дамыту үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде «ЭКСПО-2017» кешенінің базасында құрылатын «Жасыл» экономика орталығы жөнінде әңгімеледі.
Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан Президентінің мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Астана экономикалық форумы аясында өткен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунның Біріккен Ұлттар Ұйымын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.
«Сіз Қазақстанда бірнеше рет болдыңыз. Біз ядролық қарусыздану бағдарламасы бойынша бірлесе жұмыс істедік. 29 тамыз бүкіл әлемде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Сізбен және Корея Республикасымен арамызда өте жақсы достық қарым-қатынас қалыптасты», – деді Мемлекет басшысы.
Пан Ги Мун Астана экономикалық форумы жаһандық сын-тегеуріндерді талқылап, оларды еңсеру жолдарын табу ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты.
«Қазақстанға жаңа қызметімде алғаш рет келіп отырғаныма қуаныштымын. Жаһандық көптеген проблемалар бар, мен оларды шешу үшін қолдау көрсетуге әзірмін. Астана экономикалық форумы тек қазіргі өзекті тақырыптарды ғана емес, сондай-ақ жаһандық дамудың келешектегі мәселелерін де талқылауға арналған алаңға айналып отыр», – деді Боао Азия форумы кеңесінің төрағасы.
Әңгімелесу барысында тараптар Боао Азия форумы мен Астана экономикалық форумы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамыту саласында, ғылыми-инновация секторы мен білім беру ісінде байланыстар орнатудың перспективаларын талқылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді