Адами капитал

Пікірталас клубы: Айбарлы Армияның беделі

Бүгін «Strategy2050.kz» АА сайты мен «Астана радиосының» тікелей толқынында «Стратегия» пікірталас клубы өтті. Шараға журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрмет пен запастағы полковник, ардагер ұшқыш, әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов қатысты.
Астана қаласы04 Мамыр , 16:16

Заман білектінікі емес, білімдінікі десек те, жеке Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, сол елдің шекара шебін күзетіп, елдің тыныштығын қамтамасыз ететін, заманға сай қаруланған, айбынды әскері болуы шарт. Ол да елдің әлем алдындағы абыройы мен беделі. Ал елдегі армия беделінің мәртебесі туралы запастағы полковник айтып берді.

«Әскердің айбарлығы  орташа. Әскердің өз ішкі жұмысын,  ҚР әскерінің қызметтері жігіттерді  мерзімге шақырып, әлде  әскери техникалық мектепте  бір күнмен шектелмеудің  мағынасы үлкен», - деді Е.Сейітбатталов.

Өз кезегінде  журналист  Амангелді Құрмет  әскердің қоғам алдындағы беделін арттыру керектігін айтты.

«Бірінші кезекте армия беделі ҚР қоғамындағы  үлкен проблемалармен сабақтас дүние. Біздің қоғамда адамның құны қаншалықты төмен болса, әскерде де соның  жағдайы бар. Адамның құқығы Конститцияда көрсетілген  құқығы толыққанды қамтылмай, әскердің де жағдайы  оңа қоймайды.   Біз армиядағы кемшіліктерді адамнан жасырамыз. Арминяың жасақталуы, жұмылдыру резервтері туралы, техникамен жарақтандыру сынды сандарды айта аламыз.  924 адам Түркияның  әскері  суицидтен қайтыс болды дейді, ал Израильде  53 адам, оның ішінде  16 адам суицидтен қайтыс болған дейді. Израиль қоғамы  ол 16 адам үшін дүрлікті. Әлемде бұл тәжірибе бар екені анық.   Ресей мен Қазақстан соңғы екі жылда бұл жағдайларды  шығармайды.  Суицидтердің астары тек әлімжеттік пе, әлде әлеуметтік не психологиялық па соны зерттеу керек. Оның барлығы адамға қатысты жағдай болып отыр», - деді А.Құрмет.

Оның айтуынша,  бізде келісімшартпен жұмыс істейтіндер бар, олардың жағдайы қандай деген мәселе туындайды.   Мысалы,  қатардағы жауынгер былтыр жалақысы көбейгенде  75 мың болды. Орташа жалақымыз  157 мың теңге. Армиядағы жалақы  елдің орташа жалақысынан төмен болған кезде ол қарқындап дами алмайды.  

«Беделін көтеру үшін адамның құнын арттыру керек. Армиядағы солдаттың көбі одан әрі қара келісім шартқа қалады. Биыл ҰБТ-дан кейін,  5 әлеуметтік бастамасынан кейін елдегі  грант саны  72 мыңдай болып отыр. Ал, мектепте грант алмай қалады деген жастарды  ысыруға құмар. Әскерге  білімді азаматтардың , тіпті магистратураның алдында  әскерге бару керек деген талапты кіргізу керек, мүмкін», - дейді ол.  

Сондай-ақ,  запастағы полковник, ардагер ұшқыш, әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов

«Біздің кезде әскердің  мәртебесі биік болды, себебі   идеология басқа болды. Ол кезде балабақша мен мектептен бастап  тәрбие басқа болды, адам құндылықтарды бір болды.Келісімшартпен келген жігіттерге талап қойылады, олардың жоғары білімді болуы керек деген нақты талап жоқ. Әуе қорғанысында нақты талаптар қойылып, сұрыпталып алынады. Қазір  маман тапшылығы жоқ деп те ойлаймын», - деді Е.Сейітбатталов.

Сондай-ақ,  спикерлер алдағы  Отан қорғаушылар  күнімен құттықтады. Е.Сейітбатталов  отан қорғаушыларға сәттілік тіледі.

 «Теріскейдегі жұртта «Отан қорғау деген кәсіп бар» деген әдемі   сөз бар.  Отан қорғау деген елдің қорғанысында жүрген, шекарада жүрген теңіз, құрлық әскерлерінің тікелей мақсаты  болғанмен , Отан қорғау деген әрбір азаматтың міндеті. Халық жауынгерлерді қолдамаса, олардың еңсесі түсіп кетеді. Сондықтан барлық жауынгерлер мен офицерлермен қоса қазақстандық азаматтарды аталмыш меркемен құттықтаймын», - деді Амангелді Құрметұлы.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика