- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы әскерилерге қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды
Мемлекет басшысы әскерилерге қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды
Рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде Елбасы Қазақстанда Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Мен бүгін Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалар тапсырамын. Осындай жоғары марапатқа еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтайтын әскеріміз бен арнаулы қызметтердің үздік өкілдері ие болып отыр», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемде белең алып келе жатқан тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің әскери-күш саласы ерекше маңызға ие болатынын айтты.
«Біздің әскеріміз бен құқық қорғау құрылымдарымыз ел қауіпсіздігінің берік қалқаны әрі егемендігіміздің мызғымас кепілі болып саналады. Мемлекет барша қазақстандықтардың бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтау жолындағы сіздердің ерліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде әрбір әскери қызметшінің зор рөл атқаратынын атап өтті.
« Жауынгерлер әрдайым Отан үшін отқа түсуді парыз санаған. Бұл – жәй сөз емес. Біз мұны Ұлы Отан соғысы тарихындағы ерлік істерден және ата-бабамыздан қалған мұралардан білеміз. Әрқашан осылай болған және бола береді. Еліміз өз армиясы мен құқық қорғау органдарын бағалап, құрмет тұтады, сондай-ақ сіздерді адал әрі қалтқысыз қызмет етеді деп сенеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы салтанатты шараға қатысушылардың барлығын Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Рәсім барысында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен – М.Таласов, М.Құсайынов, М.Сатов, Қ.Жақыпбаев, І дәрежелі «Айбын» орденімен – Д.Кұрмашев, А.Төлеуов, II дәрежелі «Айбын» орденімен – Ж.Жақыпов, А.Калинин, Д.Пластовец, «Құрмет» орденімен – Э.Омарова, «Ерлігі үшін» медалімен – Ғ.Әлеуханов, В.Калмыков, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – Н.Залмұқанов марапатталды.
Жоғары арнаулы әскери атақтар мен сыныптық шендерге ие болғандар тізімін мына жерден көруге болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары