- Басты
- Нұрсұлтан Назарбаев пен Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібін талқылады
Нұрсұлтан Назарбаев пен Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібін талқылады

Кездесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі, сондай-ақ еуразиялық интеграцияны одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің жоғары нәтижелеріне тоқталып, өзге елдер тарапынан бұл бірлестікке қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті.
«Өткен 2017 жыл табысты болды. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 27 пайызға артты. Бірлестігімізге деген зор қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз. Бүгінде бізбен 40-тан астам ел ынтымақтастық орнатты. Біз сіздермен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммиті қарсаңында кездесетін боламыз, оның күн тәртібіндегі барлық мәселе келісілген. Біз күрделі мәселелерді, соның ішінде санкцияға қатысты мәселелерді де талқылайтын боламыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Тигран Саркисян Мемлекет басшысын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, еліміздің өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.
«Мен Кеңестің тапсырмасы бойынша Сізбен бірқатар мәселелерді талқыласам деп едім. Атап айтқанда, Жоғары Кеңес отырысын қалай тиімдірек өткізіп, қандай проблемаларға ерекше мән беру қажет екенін анықтауға, сондай-ақ интеграцияны нығайта түсуге қатысты мәселелер бар», – деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.
Кездесу соңында Т.Саркисян Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық комиссияның қазіргі жұмыстары жөнінде мәлімдеді.
-
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
-
Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы
-
Рымбек Ізғали: Латын әліпбиіне көшуді позитивпен бағалаймын
-
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
Тәуелсіздік күні: Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі
-
М.Бекетаев: Қорғаушы пен прокурор құқығының теңдігі қамтамасыз етіледі
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал

