- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «Нұр келбетті Астана» көрмесі өтеді
Елордада «Нұр келбетті Астана» көрмесі өтеді
Ведомство хабарлағандай, іс-шараға Түркия, Жапония, Франция, Бразилия, Үндістан, Ұлыбритания, Италия, АҚШ сынды шет елдерден үздік 20 суретші арнайы шақырылады.
Аталмыш көрме аясында шет елдерден келген атақты суретшілермен қоса отандық қылқалам шеберлеріне көктем мен жаз мезгілдерінің жаймашуақ күндерінде, жеке қалаулары бойынша Астана қаласының көрікті жерлерін, қалалық саябақ, гүлзар, субұрқақтарын немесе өзге де көрінісі ғажап табиғат аясын бейнелеуге мүмкіндік беріледі.
Халықаралық деңгейде өткізілгелі отырған көрмеге отандық қылқалам шеберлерімен қатар көркемсурет өнеріне жақын оқу орындарының тәлімгерлері де ат салысып, іс-шараның ұйымдастырылуына өз үлестерін қоспақ.
«Көркемсурет көрмесі – мәдени шара, ол шетелдік, ұлттық бейнелеу өнерінің туындыларын көпшілік назарына ұсынып, өнер саласының даму деңгейі, бағыт-бағдары жайлы мамандардың, өнертанушылар мен шеберлердің пікірлесуіне мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Көрменің мақсаты – елорда қонақтарын оның 20 жылдық тариxымен, тариxи-мәдени кереметтерімен, қонақжай xалқымен таныстыру. Көрме Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылады және көркемсурет туындылары іс-шара соңында Ұлттық музей қорына табысталады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы