- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана-1» ақпараттық жүйесінің жүзеге асырылуы
«Астана-1» ақпараттық жүйесінің жүзеге асырылуы
Автоматтандыруды енгізу декларанттың бұған дейінгі брокерлік бағдарламаларға, кедендік брокерлердің қызметтеріне және уақытша сақтау қоймаларына жұмсаған шығындарын едәуір азайтуы тиіс, дейді баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
«Біздің ЮНКТАД-пен бірлесіп «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін енгізіп жатқанымызды барлығыңыз білесіз. Мәселен, 2017 жылғы 1 қазаннан бастап «Кедендік транзит» кіші жүйесі іске қосылды, 200 мыңнан астам транзиттік декларация ресімделді, оның ішінде 92% астамы, яғни,180 мыңнан астам транзиттік декларация 1 минуттан аспайтын уақытта шығарылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі іске қосылды. Яғни, 23,7 мың тауарға арналған декларация аясында оның 99,4%-ын жүйе автоматты түрде шығарды. Ал ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап импорт бойынша және қалған кедендік рәсімдер бойынша АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда импорт бойынша тауарларға арналған 16,3 мың декларация ресімделген, одан тауарларға арналған декларациялардың 90% «жасыл дәліз» арқылы автоматты режимде шығарылды», - деді министр.
Б.Сұлтанов сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының «Астана-1» ақпараттық жүйесін енгізу есебінен босатылған ақша қаражатын тауар айналымына бағыттайтынын, мұның бюджетке түсетін кеден баждары мен салықтарының қосымша түсімін 2018 жылы шамамен 12 млрд.теңгеге, ал 2025 жылға қарай 20,3 млрд.теңгеге қамтамасыз етеді деп пайымдайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, министр «Астана-1» ақпараттық жүйесі бойынша екі проблемалық мәселеге ерекше тоқталды.
«Біріншісі, кеден бекеттерінде жылдамдығы жоғары байланыс арналарының жоқтығы. Спутниктік байланыс арнасының өткізу қабілеті мәлімделген талаптарға сай емес, бұл «Астана-1» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Кем дегенде 40 Мбит/с байланыс арнасы болуы қажет. Екінші жайт - айтылған жүйелер бойынша жуық арада қосымша виртуалды қуат ресурстарын (Хостинг) бөлу мәселесімен байланысты болды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесіп, бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Бірақ осы жылдың маусым айында біздегі бүкіл виртуалды қуат сарқылуы мүмкіндігін ескере отырып, Бақытжан Әбдірұлы Сізден Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на осы мәселені тездетіп қарауды тапсыруыңызды сұраймын», - деді Б. Сұлтанов.
«Астана-1» жобасы бойынша ақпараттық жұмыс қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баяндады.
«ҚР Ақпараттандыру заңына сәйкес Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Астана -1 ақпараттық жүйесін құруды ұсынды. Осы жұмыс аясында экспорт және импорт құжаттары бойынша 42 мәлімет беріледі. Бұл жұмыстар бойынша азын-аулақ қателер болды. Қазір олар барлық жүйеден жойылды. Мемлекетіміздің аумағына радио, интернет тарату бойынша жол картасы бекітілді. Ол мына жұмысты оңтайландрады: жұмыс күні 26-дан 8 жұмыс күнге қысқартылады. Қағазбастылықты жояды. Астана -1 ақпараттық жүйесі жұмыс істетуі үшін 119 каналға IP канадалдары қолданылады. Қазіргі уақытта Ұлттық ақпараттық орталығы және байланыс орталықтарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. 2018 жылы 18 кеден бекетіндегі жұмыс ұлғайтылды. Биылғы жылдың 2-тоқасанында 52 бекеттің жұмысын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Операторлдың берген ақпараты бойынша техникалық мүмкіндіктері жоқ. 37 нысанда оның ішінде 22 кеден бекетінде жұмыс жүргізу қажет екенін атап өту керек», - деді министр.
Қорытындысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтылған мәселелерден хабардар екенін, оларды шешу үшін бірге жұмыс атқарып жатқанын және жалпы Астана-1 ақпараттық жүйесінің жұмысында оң өзгерістер бар екенін атап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Аягөз Құрмаш
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы