- Басты
- Жаңалықтар
- Шағын несиелеуді дамыту үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді
Шағын несиелеуді дамыту үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов айтып өткендей, ауылдар мен қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін жеңілдікті шартпен (6%-дан көп емес) салалық шектеулерсіз 8 мың АЕК-ке дейінгі (19 млн.теңгеге дейін) шағын несиелер беріліп отыр.
Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда, шағын несиелерді мемлекеттің тарапынан кепілдендіру мүмкіндігі ұсынылып отыр (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдеме шағын несие құнының 85%-ына дейінгі, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 50%-ына дейінгі мөлшерді құрайды).
«Шағын несиелеудің инфрақұрылымына екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдар жұмылдырылған.2017 жылы несиелер бойынша қарыздардың орташа мерзімі 51 айды (4 жыл және 3 ай), ал қарыздардың орташа сомасы 10 млн. теңгені құрады», - деді Ш.Ахметов.
Бюджет қаражатын халыққа жедел жеткізу мақсатында, екінші деңгейлі банктердің қаржыны игеру мерзімі 6 айға дейін (бұрын игерілу мерзімі 12 ай болатын) қысқартылды.
«Сондай-ақ кейіннен нысаналы мақсатты міндетті түрде өзгерту арқылы жылжымайтын тұрғын үй мен жер телімдерін сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр. Осы қабылданған шаралар банктердің аталған бағыттағы жұмыстарын жандандырып, бюджет қаржысын халыққа уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді деген сенімдеміз», - деді ол.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында шағын несиелеуді дамыту үшін қосымша 20 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінетін болады. Бұл бастаманың маңыздылығы мынада, ол мыңдаған адамдардың өз ісін ашуына және халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
«Қазіргі уақытта, өңірлердің білдіріп отырған сұраныстарының негізінде, қалалар мен моноқалалардағы шағын несиелеу үшін қосымша 6,1 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінетін болады. Қаржының қалған бөлігі ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталатын болады», - деді ол.
Қалалар мен моноқалалардағы шағын несие алушылардың қатарын арттыру мақсатында қазіргі уақытта ЕХӘҚМ бірлесіп, бағдарламаға өзгерістер әзірленіп отыр. Бұл ретте шағын несиенің ең жоғары сомасы қайта қаралып, сауда саласындағы айналым қаражатын толтыру мақсатына шағын несие алудағы шектеулер алынып тасталатын болады.
Қолдау құралдарын әкімшілендіру қалалар мен моноқалаларда Ұлттық экономика министрлігіне, ауылдар мен шағын қалаларда Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітілген. Бағдарламаны жалпы үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бекітілді.
Аягөз Құрмаш
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі