- Басты
- Жаңалықтар
- Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $4,66 млрд құрады
Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $4,66 млрд құрады
«Бүгінде Қазақстан шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің ұзақ мерзімді кірістілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды шаралар кешенін ұсынуда. Біз әрбір шетелдік компанияға қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді форумның ашылу салтанатында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов.
А. Қабыкенов Қазақстанның Корея нарығына шығарылатын әлеуетті экспорттық мүмкіндіктерін талдау қорытындысы бойынша, Оңтүстік Корея нарығында сұранысқа ие 25 тауар позициясы, сондай-ақ Қазақстан нарығында сұранысқа ие 78 позиция анықталды.
«Бұның барлығы екі елдің компанияларымен бірлескен кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді», — деді ол.
Өз кезегінде Кореяның сауда-өнеркәсіптік палатасы төрағасының орынбасары Юн Донг Ким «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында екі ел арасында ынтымақтастықтың орнағанын айтты.
«Бұл форум Қазақстанның Орталық Азияда инвестициялар тартудан көшбасшы екенін ескере отырып, бірлескен жобаларды талқылаудың жақсы мүмкіндігі. Ынтымақтастығымызды нығайтатын уақыт келді деп есептейміз», — деді Юн Донг Ким.
Kazakh Invest мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді.
«Өткен жылы Кореядан Қазақстанға салынған шетел инвестициялары ағынының 33%-ке өсуі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуының оң үрдісіне дәлел. Біз осы әлеуетті дамытуға ниеттіміз. Осы орайда, Kazakh Invest компаниясы шетелдік инвесторларды инвестициялық жобаларды идеядан бастап оны жүзеге асырғанға дейін «бір терезе» қағидасы бойынша сүйемелдейді», — деді Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.
Бұдан өзге, форум алаңында экономиканы цифрландыру саласында Қазақстандық индустрия дамыту институты мен National IT Industry Agency арасында, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Кореяның Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында; денсаулық сақтау саласында инновациялық қызмет және ғылыми-білім беру саласында Soosang ST Corporation және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық инновациялық-өндірістік консорциуммен; Халықаралық инновациялық-өндірістік консорциум, Korea Telecom Corporation және R&IID; «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА» АҚ және Пусан теңіз порты басқармасы арасында; «KTZ Express» АҚ және Pantos арасында; зияткерлік көлік жүйелері саласында ҚР ИДМ Көлік комитеті және ITS Korea арасында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлады primeminister.kz.
Форум аясында, сондай-ақ, инвестициялар және даму вице-министрі А. Қабыкеновтың сауда, индустрия және энергетика вице-министрімен, National IT Industry Agency, Busan Port Authority, LS Cable&System, EXIM Bank, Daegu-Gyeongbuk FEZ, POSCO Daewoo, Intellectual Transport Society of Korea, Kolon World Investment және т.б. басшылығымен кездесуі өтті.

Айта кетейік, 2005 жылдан бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $4,66 млрд құрады, ал 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10%-ке артып, $1,7 млрд құрады7
Форумға қазақстандық бизнестің 50-ге жуық өкілі және Кореяның 200-ден астам бизнес-компаниялары қатысты. Сондай-ақ, шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді