• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да ғылым өндіріс құнын арзандатуы тиіс – К. Бұрханов Қазақстан халқына Жолдау туралы

ҚР-да ғылым өндіріс құнын арзандатуы тиіс – К. Бұрханов Қазақстан халқына Жолдау туралы

17 Қаңтар, 2014 15:23
Ғылым елдегі өндіріс құнын арзандату керек, құрылымдардың енуінен әрбір қазақстандық өз үлесіне ие болуы керек, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов есептейді.

«Бүгінгі Жолдауда өте қызықты мәлімет айтылды. Ол 2050 жылға қарай ғылымға бөлінетін шығындардың ел ІЖӨ-сінің 3% құрауы тиіс деген ақпарат. Бұл үлкен қаржы, бірақ ғылым өзі үшін ғана жұмыс істемеуі керек. Яғни ғалымдардың жазған диссертациясын бірнеше адамның ғана оқығаны дұрыс емес. Біздің елде ғылым өзі үшін ғана жұмыс істейді. Бұл дұрыс емес», - деп атап өтті К.Бұрханов.

Одан бөлек, оның айтуынша, ғылым өндіріс құнын арзандатып, өндірілетін тауарлардың сапасын арттыруы тиіс.

«Елбасының «университеттердің дербестігін қамтамасыз ету керек» деген ойы өте орынды. Соның арқасында еліміздің ЖОО-лары өз мәселелерін өздері шешіп, «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында ойларын жүзеге асырып, академиялық еркіндікті айқындай алар еді», -деді депутат.

Сонымен қатар, ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында аталған мәселеге қатысты заңнамалық базаны жетілдіру бойынша тапсырма берілгендігін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар