- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Корея Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Оңтүстік Корея Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективаларын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардың сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.
«Астана мен Сеул арасында сенімге негізделген достық қатынас орнап, экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Экономикалық және гуманитарлық өзара ықпалдастықтың көптеген мәселелері шешімін табуда. Сіздердің Орталық Азияда жүргізіп жатқан белсенді жұмыстарыңызды қолдаймыз», – деді Қазақстан Президенті.
Корея Республикасының Сыртқы істер министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан астанасынан алған әсері жөнінде айтты.
« Бұл – Қазақстанға және Астанаға жасаған алғашқы сапарым. Мен үшін сапарымның елордаларыңыздың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуінің мәні зор. Осы кезең ішінде Астана дамудың үлкен жолынан өткеніне тәнті болдым», – деді Кан Гён Хва.
Кездесуде сыртқы істер ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің ыстық ықыласын жеткізді.
«Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ықтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті», – деді Кан Гён Хва.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
Елбасы қоры мен оңтүстік корей компаниясы коронавируспен күреске гуманитарлық көмек көрсетпек -
Облыстардың бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд теңге қарастырылған – А.Сапаров -
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин -
Корея елшісі карантинде көретін фильмдер тізімін ұсынды -
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жолдарды жөндеу жұмыстары басталды -
412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды -
Қазақстан мен Хорватия ынтымақтастықты дамытуда -
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еріктілер қызметін дамытуға шақырды -
Салық конвенциялары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ықпалдасады– Ә.Смайылов