• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Қазақстан хақына Жолдауында тілек ретінде емес, Үкіметке орындалуы керек тікелей тапсырма ретінде міндеттемелер жүктеді – А.Перуашев

Мемлекет басшысы Қазақстан хақына Жолдауында тілек ретінде емес, Үкіметке орындалуы керек тікелей тапсырма ретінде міндеттемелер жүктеді – А.Перуашев

17 Қаңтар, 2014 15:20
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстандық жол-2050»: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында тілек ретінде емес, Үкіметке орындалуы керек тікелей тапсырма ретінде міндеттемелер жүктеді, дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Бүгінгі Қазақстан халқына жыл сайынғы Н.Назарбаевтың Жолдауы «Ақ жол» партиясы, кәсіпкерлік саласының қызметкерлері, шығармашылық және техникалық интеллигенция өкілдеріне аса маңызды және атаулы оқиға. Өйткені соңғы кездері біз қозғап жүрген көптеген мәселелер бүгін Мемлекет басшысының аузынан тілек емес, Үкіметке орындалуы тиіс тапсырмалар ретінде айтылды», - дейді депутат.

Атап айтар болсақ Мемлекет басшысы экономикадағы шағын және орта кәсіпкерлік рөлінің артуы, ШОБ ел экономикасының ЖІӨ-нің 50 пайызын құрауға күш салу, сонымен қатар кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.

«Таяуда Мәжілісте банкрот туралы заң қабылданды. Онда «Ақ жол» партиясы ұсынысы айтылып, аталмыш ұсыныс Үкімет тарапынан алынып тасталды. Бүгін, Президент тапсырма бергеннен кейін аталмыш заң жобасы қайта қаралып, біз керекті түзетулерді енгізетін боламыз деп үміттенемін. Осы арқылы біз ШОБ саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасаймыз», - деді халық қалаулысы.

Сонымен қатар, Президенттің ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерліктің дамуы мәселесі де үлкен мәнге ие. Ұзақ мерзімді және арзан бағамен ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу саласындағы шаруа қожалықтарын несиелеу уақыт күттірмес мәселе.

«Бұдан бөлек, экономикада мемлекеттік қатысуды барынша азайту туралы тапсырмасы да бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Біз аталмыш мәселені қашаннан айтып келеміз. 2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысы әсер еткеннен кейін бізде мемлекет тарапынан құрылған кәсіпкерліктердің саны артқан үстіне арта түсті. Бұл өз кезегінде жеке кәсіпкерлікке бәсеке болып, нәтижесінде аталмыш саланың дамуына кедергісін тигізді. Мемлекет нақты монополиямен ғана айналысып, ұлттық қауіпсіздік секілді салаларда ғана қызмет етуі керектігін айтып келеміз. Ал қалған салалар ашық бәсекеге ыңғайланғаны жөн», - деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, қаңтарлың 17-інде Астанадағы Тәуелсіздік сарайындағы ҚР Парламенті қос палатасының біріккен отырысында Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдады.

Барлық жаңалықтар