2016 жылдан бастап стипендия көлемі 25 пайызға өседі – Мемлекет басшысы

17 Қаңтар, 2014 15:07
Үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарнан стипендия көлемін 25 пайызға өсіруді қамтамасыз етуді тапсырамын, деді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының отырысында.

«Алдыңғы қатарлы университеттер академиялық және басқару автономиясына өтуі жоспралы түрде кезең-кезеңімен өтуі керек. Үлгерімі жоғарылар мен студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құру керек. 2016 жылдың 1 қаңтарынанбастап Үкіметке шәкіртақы көлемін 25% арттыруды тапсырамын», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елімізде білім беру саласына педагогикалық институтқа баса мән беру қажеттілігін айтты.

«Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білулері керек, бұл қазірде енгізіліп жатыр. Осы тұрғыда оқытушылардың алар орны орасан. Біздің педагогикалық институттарға баса мән беріп, олардың арасынан бірнешеуін таңдап алып, қазіргі күн мен келешек үшін қажетті кадрларды дайындайтын үлгілі педагогикалық университеттер құру керек», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

Барлық жаңалықтар