- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының бәрін біріктіру
Н.Назарбаев: Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының бәрін біріктіру
Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның қазіргі қызметі жөнінде мәлімет беріліп, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінің қорытындылары туралы баяндалды.
Елбасы мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде партияның жастар қанаты маңызды миссия атқаратынын айтты.
««Жас Отан» жастар қанатының съезі табысты өтті. Менің тапсырмама сәйкес, жастар арасында саяси жұмыстар жүргізілуге тиіс. «Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының бәрін біріктіру», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев съездің қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.
«ІV съезге барлық облыстар мен өңірлерден 1500-ден астам делегат қатысты. Форумның бірінші күні партияның конференциясы және арнайы бес панельді сессия өтті», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Бұдан бөлек, М.Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісіне партияның атсалысуы туралы баяндады.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мемлекет басшысына партияның кадрлық резервін қалыптастыру барысы жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның түрлі бағыттағы жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды