- Басты
- Қазақстандағы әскери ұшқыштардың жағдайы мүшкіл
Қазақстандағы әскери ұшқыштардың жағдайы мүшкіл

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко елдің әскери саласы оның ішінде әскери білім беру, ғылымды дамыту мен әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру маңызды бағыттың бірі екенін айтты. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өз Жолдауларында бұл тақырыпты жиі айтады. Елдің қорғанысы басты факторлардың бірі болып табылады.
Аталмыш сала бойынша баяндама жасаған Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскери ұшқыштардың жалақысы аз болған соң олардың әуе компанияларға жұмысқа ауысып кететінін мәлімдеді.Былтыр 25 адам жұмыстан кеткен көрінеді. Олар 1,5 миллион теңге жалақы беретін «Эйр Астана», «Скат» секілді әуе компанияларына ауысып жатыр.
«Біздің ресейлік әріптестеріміз, дәл сондай ұшқыштар 800 мың рубль алады. Ал біздің бірінші санаттағы ұшқыштардың алатыны – 270 мың теңге. Осы мәселе бойынша хат жаздым, оған Елбасы қолдау білдірді. Мемлекет басшысы ұшқыштардың тым болмаса 450-500 мың теңге алуы үшін Үкіметке олардың жалақысын екі есеге көтеруді тапсырды», - деді министр.
Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов біліктілігін арттыруға келген тыңдаушылардың жалақысы толық төленбейтінін атап өтті.
«Бізді басқасы мазалап отыр. Әлі күнге дейін оқуға келген біздің тыңдаушылар ақшаның 70%-ын ғана алады. Отбасы бар, білім алу керек... Бұл әдісті қайта қарау үшін қаншама рет мәселе көтердік. Қызметкер әскерде алып жүргендей оқуға келген соң толық жалақысын алуы керек. Оның әйелі жұмыс істемейді, ал ол мұнда тек оқумен айналысады, қосымша кіріс жоқ дегендей белгілі бір жағдай бар», - деді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.
Ал, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман әскери-ғылыми әлеует толық пайдаланылмай келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, әскери білімді қазақстандық білім беру жүйесінің ажырамас, құрамдас бөлігі деп қарау керек.Осыған байланысты, әскери және азаматтық жоғары оқу орындары өзара тығыз қарым-қатынаста болып, үздік педагогикалық тәжірибелерімен алмасуы тиіс.
«Сонда ғана әскери білім берудің берік негізін қалап, жоғары деңгейін қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар, қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне жоғары білікті инженер-техник мамандар даярлау әлі шешімін таппай келе жатқанын айта кету керек. Қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласына мамандарды қажет болса шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқытып, тиісті қорғаныс кәсіпорындарында тәжірибеден өткізу қажет», - деп тоқталды депутат.
Оның пайымынша, ғылымды дамытпайынша, қазіргі заманға сай кәсіпқой армия құру мүмкін емес. Талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, қолдағы бар ғылыми әлеует толық пайдаланылмай келеді.
«Инновацияларға қатысты бір мәселеге тоқталып өтейін. Ресми деректерге қарағанда, 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін әскери тақырып бойынша 38 авторлық куәлік пен патенттер тіркелді. Олардың негізгі тақырыптары: қазіргі заманғы әскери білім беру жүйесі, басқару жүйесі, ағылшын тілін үйрену үшін мобильді жүйе, жаңа инженерлік-техникалық шешімдер», - дейді ол.
Дегенмен, әскери ғылыми зерттеу нәтижелерін әзірлеу және енгізу жұмысын күшейту керек. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі болашаққа арналған ғылыми бағыттарды айқындап, оларды тиісінше қаржыландыруды Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың басым бағыттары тізбесіне енгізуі тиіс
Ұлттық және Инженерлик академияларының әлеуетін қолдану қажет. Қорғаныс қабілетін дамыту үшін озық идеялар мен тәсілдерді, жаңа технологияларды іздестіру, дамыту және енгізу мақсатында әскери инновациялық технополис құру туралы шешім қабылдаған РФ тәжірибесімен танысу артық болмас, дейді ол.
Сондай-ақ, ол әскери оқу орындарында тәрбие жұмысының деңгейін көтеру керектігін айты.
«Қарулы Күштер қызметінде әскери-патриоттық клуб жұмыстарын, жастардың әскери қызметке дайындығын үйлестіруге және қолдауға айрықша мән берілуі керек. Осы орайда, республикалық интернационалист-жауынгерлердің және Қарулы Күштер ардагерлерінің ұйымдарымен, жастармен байланысты күшейту қажет», - деді ол.
Ал әскери университеттердегі тәрбие жұмысының деңгейі жақсы деп айта алмаймыз. Бас әскери прокурордын мәліметі бойынша, 2017 жылда 27 қылмыс тіркелді, атап айтсақ жарғыдан тыс жағдай, парақорлық, тіпті курсант өлтіру оқиғалары бар (Ұлттык гвардия университеті). 2018 жылы үш қылмыс тіркелді. Осы проблемаға ерекше назар аудару қажет және университет басшыларын тікелей жауапкершілікке тарту керек.
Осы орайда, ол қатардағы әскерлердің саяси-тәрбие жұмыстарында қазіргі заманға сай әдістерді қолдануда көршілес елдердің тәжірибесіне назар аудару қажеттігін сөз етті.
«Көпфункционалды ақпараттық жылжымалы кешеннің тиімділігі зор. Ол - мультимедиалық құралдармен жабдықталған және далалық жерде әскери қызметшілер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірі бойынша, жоғары технология дәуірінде дүниеге келген жастардың әскери қызметіне оң әсерін тигізері анық. Тұтастай алғанда, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында біртұтас бағытын айқындау әскери білім беру мен ғылымды дамытудың, заман талабына сай патриоттық тәрбие берудің жүйесін қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты министрлік әскери мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыру мәселесін шешу және біздің Қарулы Күштердің әскери қабілетін күшейту мақсатында ғылыми әлеуетті пайдалану аясында белсенді ұсыныс жасауы қажет деп санаймыз», - деді М. Ерман.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдарында 6 мыңға жуық Қазақстан әскерилері шетелде білім алған.
Халықаралық ынтымақтастықа тоқталсақ, Тәуелсіздік жылдарында 12 елде 5963 әскери қызметші білім алып, олар Ресей, Беларусь, АҚШ, Еуропа және Азия елдерінде біліктілік шыңдады.
М.Ерман атап өткендей, Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары мен докторанттарының шетелдерде тәжірибеден өтуі өзінің тиімділігін көрсетті. Елімізде Армениядан, Тәжікстаннан және Қырғызстаннан курсанттар оқып жатыр.
Белгілі болғандай, олар Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында білім алуда.
Бұдан бөлек М. Ерман әлемдік тәжірибиеге тоқтала келе, әскери іс-қимылдың бір түрі едәуір дәрежеде ақпараттық салаға қатысты екенін атап өтті.
«Сондықтан киберсоғыс жағдайында тактика мен әдісті өзгертудің маңыздылығы артады. Осыған байланысты, қазіргі кезде әскери мамандарды даярлауда ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында цифрландыруды енгізіп, білім беру ресурстарын электрондық түрге көшіру, электронды оқу материалдарын әзірлеу, тактикалық дайындық, әскери іс-қимылды, техникаларды басқаруда цифрлы тренажерларды қолдану қажет. Бірінші кезекте осы технологияларды қолдануды білетін оқытушылар мен нұсқаушыларды дайындау керек», - деді ол.
Өз кезегінде Мәжiлiс төрағасының орынбасары Владимир Божко Қарулы күштер барған сайын ғылымды қажет ететінін айтып, әскери саладағы қыздар мен әйелдер санын арттыруға шақырды.
«Ерлер үшiн ұят, бiрақ жоғары оқу орны мен мектептi алтын медальмен бiтiретiндердiң көбi - қыздар. Сондықтан менiң ойымша, елiмiздiң осы интеллектуалды құрамын әскерге тартуға тырысу қажет. Мысалы, қазiр Ресейде десантшы қыздар бар. Ал, бұл аса ауыр мамандық. Әрине, бiз әйел затын құрметтеп, қорғаймыз. Дегенмен, бiз бүкiл әлем дамып жатқан бағыттан ауытқымауымыз керек»,- дедi Владимир Божко.
Ал Қорғаныс министрi Сәкен Жасұзақов Мәжiлiс вице-спикерiн қолдады. Ол нәзiк жандардың қатарда болуы әскери қызметкерлерге жағымды ықпал ететiнiн айтты.
«Мен сiздi қолдаймын. Жақында ғана мен әскери қолбасшыларға тәрбие-идеологиялық жұмыс жөнiндегi рота, батальон, бригада командирлерi қызметiне жоғары бiлiмi мен тәжiрибесi бар әйелдердi iрiктеудi тапсырдым. Бiз кезiнде осындай тәжiрибе жүргiзген едiк. Яғни, тәрбие жұмысы жөнiндегi командир орынбасары қызметiне әйелдердi тағайындаған болатынбыз. Сонда жағдай бiрден жақсарды: сарбаздар, офицерлер мен сержанттар тап-таза, мұнтаздай болып қалды. Яғни, бұның жағымды жағы бар, бiз осыны қайта қолға алғымыз келедi», - дедi Жасұзақов.
Сондай-ақ, 2,5 сағатқа созылған жиында депутаттық сауалдар, жолданып ұсыныстар қабылданды.
Аягөз Құрмаш
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Т. Дүйсенова Қазақстандағы еңбек нарығының дамуы туралы айтты
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова Дубай қаласындағы VI Білім саммиті аясында өткен «Тұрақты үкіметтер» сессиясы барысында Қазақстандағы еңбек нарығын жаңғырту туралы баяндады.
20 Қараша 2019, 16:57
-
Сенатта Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
19 Қараша 2019, 15:54
-
Әскери институтта Талғат Бигелдиновті еске алды
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттар ұлы ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновті еске алды.
11 Қараша 2019, 15:44
-
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік қалай дамыды
Әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік қызметі Қазақстанда тамырын жаюда. Аталған бағыт бүгінгі таңда АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Польша, Оңтүстік Корея сияқты шет елдерде заңнамалық деңгейде алға жылжып, белсенді дамып келеді.
01 Қараша 2019, 15:41
-
Ә.Смайылов БҰҰ-ның Қазақстандағы елдер тобымен кездесті
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомурамен және елде тіркелген БҰҰ агенттіктері мен бағдарламаларының басшыларымен кездесті.
01 Қараша 2019, 11:24
-
Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалады
24 қазанда елімізде тұңғыш рет "Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі" деген атпен республикалық тіл форумы өтетіні белгілі. Осыған байланысты елордада аталған форумның өту барысы, мақсаты мен онда көтерілетін мәселелер жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға қатысқан Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қазан 2019, 16:26
-
Сенат төрағасы Қазақстандағы Апостоль Нунцийіді қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің басшысы Дариға Назарбаева Қазақстандағы Апостоль Нунцийі Фрэнсис Ассизи Чулликатты қабылдады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
16 Қыркүйек 2019, 17:38
-
Қазақстандағы инвестициялық ахуал қандай
Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға тартылған инвестициялардың басым бөлігі, яғни 50 пайыздан астамы Еуроодақ елдеріне тиесілі. Атап айтар болсақ: Швейцария – 25,8 миллиард, Франция – 16,1 миллиард, Италия – 8,7 миллиард, Нидерланды – 90,4 миллиард, Бельгия – 7,6 миллиард, Германия – 5,2 миллиард. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстанның инвестициялық саясаттың жүзеге асырылу барысы және соңғы кездері әлеуметтік желіде түсінісбеушіліктен туған ҚХР мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстары туралы ақпараттарға түсініктеме берді.
05 Қыркүйек 2019, 16:47
-
Қазақстандағы ақылы жолдар жүйесі қалай іске асады?
Әлемнің отыздан астам елінде ақылы автожолдар бар. Оған жиналатын қаржы жолды күтіп ұстауға, жол бойындағы инфрақұрлымды жетілдіруге, жұмыс істеуіне жұмсалады. Жол құрлысы мен оны күтіп ұстауға көп шығын кететіндіктен және еліміздің бюджетінен кететін мол шығынды азайту мақсатында ақылы автомобиль жолдары енізілген болатын.
19 Тамыз 2019, 18:26
-
Қазақстандағы зейнетақы жүйесі қалай өзгереді?
2019 жылдың тамызына дейінгі көрсеткіш бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 триллион теңгені құрапты. Сөйтіп оның өсімі 8 пайызға артқан. Сондай-ақ, биылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшарының салымы 8 миллион теңгеден асқан жағдайда жеке басқарушыларға кетуге рұқсат етіледі. Зейнетақы төлемдерін тағайындау барысындағы «Бір терезе» қағидаты, жинақтарын қандай да бір себеппен ала аламаған азаматтар үшін салымдарын алу жолдары туралы төмендегі материалда.
19 Тамыз 2019, 14:30
-
Қазақстандағы ішкі аудит қатерлері мен перспективасы қандай
Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 93-қадамында еліміздегі ішкі мемлекеттік аудитті реформалау туралы айтылған еді. Ал Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін жүзден астам компания тіркелген. Жалпы, мекемелер мен әртүрлі компаниялардың, акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасайтын аудит қызметіне елімізде жылдан-жылға сұраныс артып келеді. Жыл сайын жоғары оқу орындарында «аудит», «мемлекеттік аудит» мамандықтарына қосымша гранттар бөлінеді. Алайда, қазақстандық компаниялардың ішкі аудиттегі инновацияларға дайындығы, ықтимал кедергілері, процестерді автоматтандырудағы (RPA) аудиторлардың рөлі және ұйым процестеріне жаңа технологияларды енгізу мәселелері әлі күнге өзекті. Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ішкі аудитті жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарды шешу және тағы басқа іс-шаралар туралы төмендегі материалда.
13 Тамыз 2019, 18:48
-
Қазақстандағы құрылыс: 2019 жылы 118 мың тұрғын үй салынады
Қазақстанда құрылысшылар жыл басынан бері 5,7 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берген. 2019 жылы барлығы 118 мың тұрғын үй немесе 13 млн.шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Қазақстанда Құрылысшылар күні тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.
12 Тамыз 2019, 12:02
-
Сенаторлар ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады
Парламент Сенатының депутаттары өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, өзекті мәселелерге назар аударды. Депутаттардың сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
23 Шілде 2019, 15:53
-
ИНФОГРАФИКА: Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі
19 Шілде 2019, 14:30
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды