- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: халықты қандай өзгерістер күтеді
Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: халықты қандай өзгерістер күтеді

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 100 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтқандай, Бағдарламаны ойдағыдай іске асырудың нәтижесінде 2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,1%-ға жетті. Биыл жыл соңына дейін 1 трлн.теңге қаржыға 150 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда шамамен 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа жаһандық технологиялық трендтерді ескере отырып, үшінші бесжылдықтың Тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік. Ол өнеркәсіпті цифрландыруға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған. Бұл жұмысқа бизнесті, ғылыми орта мен сарапшыларды тарттық. Тұжырымдаманы жыл соңына дейін бекітуді жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 11 млн. шаршы метрден асты. Яғни, 2016 жылға қарағанда 6,2%-ға жоғары. Тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында арзан құрылыс пен ипотекалық кредит беру мәселелері бойынша жұмыс жүргіземіз. 2030 жылға қарай тұрғын үй көрсеткішін бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарлануда.
Коммерциялық банктер биыл құрылыс салушыларға 70 млрд. теңгеге субсидияланатын несие береді. Мемлекет басшысы жариялаған «Бес әлеуметтік бастаманы» іске асыру аясында осы айда жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының нормаларын есепке ала отырып, «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі.
« Бұл механизм арқылы әрбір жұмыс істейтін адам несиеге пәтер сатып ала алады. Қазақстандықтардың көбінің тиімді шарттар арқылы баспана сатып алуға мүмкіндігі болады. Биылғы жылдың екінші жартысында барлық санаттағы азаматтар үшін алғашқы арзан ипотека беріледі»,-деді министр Жеңіс Қасымбек.
Қазіргі уақытта жаңа бағдарламаны неғұрлым тиімді іске асыру үшін талаптарын жеңілдету бойынша Ұлттық Банк банк Қазақстан Республикасының заңнамасына бірқатар түзетулер дайындап жатыр.
Министр Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау қолжетімділігін 59%-ға, ал қалаларда 94%-ға жеткізу жоспарлануда (ауылдар үшін -57,4 %, қалалар – 93,8%). Биыл ауылды жерлерді сумен жабдықтауды дамытуға шамамен 100 млрд. теңге қарастырылды (ҚР ИДМ - 68,2 млрд.теңге, ҚР АШМ – 14,8 млрд.теңге, жергілікті бюджет – 22 млрд.теңге).
2017 жылы тасымалданған транзиттік контейнерлер саны 347,5 мың жиырма футтық эквивалентті құрады (жоспар – 320 мың ЖФЭ). Бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 30%-ға артық (244 мың ЖФЭ). 2020 жылы транзитті контейнерлер тасымал көлемін жылына 2 млн. контейнерге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Өңірішілік мобильділікті арттыру мақсатында Мемлекет басшысы жергілікті жол желісін жөндеп, қайта жаңарту үшін қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде атқарылуда.
«Биыл қаржыландыру көлемі 85 млрд. теңгені құрады. 2018 жылғы бюджетті нақтылау кезінде министрлік қосымша 30 млрд. теңге бөлді.Облыс әкімдіктері де жергілікті бюджеттен қаржы қарастырды. Жалпы, қаржыландыру көлемі 145 млрд. .еңгені құрайды, ол 4 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Алдағы жылдары қаржыландыру сомасы 150 млрд. теңгеге дейін жеткізіледі. Ол қаржыға жыл сайын шамамен 5 мың шақырым жол жөнделеді»,-деді Жеңіс Қасымбек.
Биыл «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4,2 мың шақырым республикалық маңызы бар автожолдар және 3 мың шақырым жергілікті желілер реконструкцияланады. Қабылданған шаралар алдағы жеті жылда жергілікті жолдардың 85%-ын жақсартуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде министрлік автожолдарды салуға бөлінген қаражаттың тиімділігі мен ашықтығын бақылауды күшейтеді.
Министр айтып өткендей, «Цифрлвқ Қазақстан» мемлекетік бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлау бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Сондай-ақ, министрлік автомобиль жолдары мен темір жол және әуе көлігі саласына ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Аягөз Құрмаш
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады

