• Басты
  • Мәскеуде «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті
4 Сәуір, 2018 17:59

Мәскеуде «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті

Мәскеуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мәскеуде «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті | Strategy2050.kz

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен өткізді.

2017 жылғы желтоқсанда жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған және еліміздің жаңаша тарихына және оның болашағына деген көзқарасты айқындайды. Басты назар егеменді мемлекеттің негізін қалаудан бастап құру кезеңіне дейін сипаттама беруге, Тәуелсіздіктің 26 жылындағы ішкі және сыртқы сын-тегеуріндерге жауап ретінде шешім қабылдаудың ішкі логикасы мен механизмін көрсетуге аударылған.

Кездесуді бастай отырып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов кітап Қазақстанның берік әрі тұрақты даму жолының жүйелі бейнесі екенін атап өтті.

Оның ойынша, басылым өскелең ұрпаққа өткен жолды бағалауға, тәлім алуға және жаңа жетістіктерге жетуге көмек көрсететін белгілі дәрежедегі жолдау болып табылады.

Ингушетияның бірінші Президенті, Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушев кітап атқарушы билік және мемлекеттік басқару  органдарының басшылары үшін пайдалы екенін жеткізді.

«Бұрынғы КСРО кеңістігінде Нұрсұлтан Назарбаевтан тәжірибелі әрі дарынды басшы жоқ, деп атап өтті. – Бұрынғы КСРО республикаларының бірде біреуі ұлтаралық шиеленістерден құтылған жоқ. Ал құрамында 140 халық өкілі бар Қазақстан одан аман қалды. Елде ұлттық келісім бар. Оның басты себебі - Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы. Ол басқа әріптестеріндей саяси табыс табу үшін ұлттық картаны ойын қылған жоқ”, - деді ол.

Руслан Аушев елорданы Алматыдан Астанаға көшіру Ингушетия астанасын Назраннан Магасқа көшіруге үлгі болды деді.  

РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі өкілі Михаил Швыдкой кітапта өткен оқиғалар туралы және болашақ жөнінде маңызды ой-пікірлер бар. Оның ойынша кітап басқарушылық қызметпен айналысатындарға да, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлы тұлғаның замандастары үшін де өте қызықты.

«Бұл кітап өткен 28 жылда біздің және әрбіреуіміздің бастан кешкен оқиғаларымызды еске түсіріп, ұғыну үшін қызықты», -деді М. Швыдкой.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы нөлден басталды және үстіміздегі жылы өзінің шыңына жетті, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етті, осының барлығы Мемлекет басшысының арқасында мүмкін болды.

«Кітапта жан-дүниеңнен өтетін асыл сөздер жазылған. 1994 жылы, Президент Еуразиялық одақ туралы идеясын алға тартты, көпшілік оны жақсылап түсінбеді. Бүгін осы идея іске асырылуда. Болашақты болжай білу қажет екен», деді ол. Дипломат кітаптың бір тарауы «Қазақстан және Ресей - ауа райына тәуелді емес ынтымақтастық» -деп аталады деді.

«Біздің қатынастарымыз қарапайым және түсінікті тілмен жеткізілген. Яғни бұл коньюнктураға байланысты өзгермейтін белгілі бір константа болып табылады», - деп қорытындылады Ғалымжан Қойшыбаев.

Ресейлік Өңірлік зерттеу және қалалық жоспарлау институтының директоры Ирина Ильина кітаптан көптеген маңызды өнеге алатын сәттерді тауыпты.

«Оларды мемлекеттік және муниципалды басқарумен шұғылданатын, болашақта мемлекеттік қызметші атанып, мемлекеттің саясатын айқындайтын студенттерге жеткізу қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өткенге және қазіргі жағдайға терең талдау жасауға негізделген, болашақ басымдықтардың нақты жүйесін қалыптастыруда. Еңбекте елдің дамуының алғышарттары мен іргелі факторларына талдау жасалады», - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың пікірі бойынша кітаптың ерекшелігі - мемлекетті басқару және құру жөніндегі президенттің идеологиялық негіздерді қалыптастырудан бастап жергілікті басқару органдарын құруға дейінгі өнерінің барлық құрамдас бөлігі біріктірілген.

Халықаралық заңгерлер одағының төрағасы, Заңгерлер одағының президенті Андрей Требков кітапты оқып шығып, ширек ғасырдағы соңғы тарихты көзіммен елестеткендей болдым және болған оқиғаларға басқаша көзқараспен қарадым.

«Мен заңгер ретінде Қазақстан дамудың дұрыс траекториясын таңдаған деп ойлаймын. Жаңғырудың әрбір кезеңінде осындай күрделі үрдісті құқықтық қамтамасыз ету тақырыбы көзделген», - деді ол.

РФ Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының директоры Талия Хабриева осындай ірі саясаткердің кітабының шығуы үлкен оқиға деп санайды.

«Венеция комиссиясы Қазақстан Президентінің қызметін жоғары бағалайды. Кітапта елдің мемлекеттік құрылысымен айналысатындар үшін, жағдайдың қандай болғанын өз аузынан естуге мүмкіндік болады», - деді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы  ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын «Өмір энциклопедиясымен салыстырады».

«Ол оңай оқылады, сауатты және қарапайым тілмен жазылған, көптеген образдық теңестірулер бар. Бұл жерде бірнеше жанрлық өріліс бар - олар публицистика және тарих», - деді ол.

Өңірлік проблемалар инситутының бас директоры Дмитрий Журавлев посткеңестік елдер арасында Қазақстанның 1990 жылдары жоғалтқаны азырақ, ал 2000 жылдары ықтиятты нақты қадамдар жасап, тапқандары көбірек болғанын айтты.

«Барлық елдер өз тарихын бірдей жағдайда бастады, ал нәтижесі әртүрлі болды. Кітап соларға жауап береді және сонысымен маңызды», - деді ол.

Оның ойынша, кітап қазіргі заманғы Қазақстанның тарихы жөніндегі толық және нақты құжат болып табылады.

«Бір де бір кітап, бір де бір монография осы кітаптың істеген ісін істей алмайды. Себебі оны автордың өзі - Президент өз аузынан айтып отыр»,- деп түсіндірді Дмитрий Журавлев.

Сонымен бірге, тұсаукесер аясында қонақтар «Астана - Ұлы даланың інжу-маржаны» фотокөрмесін тамашалады.

Фотокөрме қонақтарына (ресейлік танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері) ел астанасында 20-жылдың ішінде салынған түрлі құрылыстардың 50-тан астам фотокартинасы ұсынылды.

Картиналар арасынан әлемдік бірегей мәдениет объектілерін көруге болады: ғаламның 90 эпикалық ғимаратына енген Астананың басты бренді - «Бәйтерек», Астананың ЭКСПО-орталығындағы диаметрі 80 метр сфера нысанындағы ерекше ғимарат- «Нұр-Әлем», әлемнің ең әдемі 10 президенттік сарайларының бірі - Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақ Орда» резиденциясы.

Сондай-ақ белгілі британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған елорданың бірегей құрылыстары: «Бейбітшілік және келісім сарайы» - Пирамида, Гиннестің рекорд кітабына енгізілген,  шатыр нысанындағы әлемдегі ең үлкен ғимарат - «Ханшатыр» сауда-ойын сауық кешені және «Назарбаев орталығы» бар.

20 жылдың ішінде Астана қаласының халқы 3,5 есеге ұлғайды және ол бүгін 1 миллион адамнан асады. Осы уақыттың ішінде Астананың аумағы 258 шаршы километрден 800 шаршы километрге дейін кеңейді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды